Сенің арқаң /поэзия әлеміне бағдар беріп, қаламымды ұштаған ұстазым Жібек Қозыбағароваға/
жеке
блог
блог
Ұстаздық ұлық жолда төзім керек,
Болуы да ықтимал сөзің зерек.
Өзгеруің керек-ақ, бұл сапарда,
Мейірім пайда болып өзіңде ерек.
Аспанымда Ай күліп, ұштасты Күн,
Шәкірт болып бір сәтке ұстазды ұғын.
Жыр ғұмырың артыңда елес болып,
Ақ әлдиге айналсын ұстаздығың.
Жырларың ызың қаққан мір оғындай,
Өміріме үлес қостың бір оғылдай.
Әрқашан омырауың гүлге толып,
Аңқылдақ мінезіңмен жүр осындай.
Бала көңіл-сезімтал, нені ұғар тән,
Шабыт жоқта көңілім еді бархам.
Ақын болып атансам ағайынға,
Әуелі Алла, содан соң сенің арқаң!
Сенің арқаң биікке өрлесем де,
Сенің арқаң жырыммен төрлесем де,
Сенің арқаң еркіндік көрмесем де-
Мен өлмеймін, ендеше өлме сен де...
Ақын болып атансам атырапқа,
Әуелі Алла, содан соң сенің арқаң!