Еліміздің спортта жүрген жастарына шамалы болсада ән арқылы дем беруге тырыстым...
Әні бар. Сенімді ақта!
1. Спорттың ішінде таңдапсың ауырын,
Тимесін жерге,жамбаспен жауырын.
Жеңісті күтер артыңда қауымың,
Кілемде бірақ жеңілме бауырым.
Қарсылас мықты түсінем бірақ,
Ұпайды берме, жатсаңда құлап.
Жылдамдық таныт, шаршама енді,
Жеңістің ауылы кетпесін жырақ.
Қ.сы
Сенімді ақта,биікке өрле,
Рухыңды көтер,намысты берме.
Алыста-жұлыс,аянба терле,
Сондада досым,жеңіле көре.
Желбіреп тұрсын, көк туым биік,
Әрдайым жүрші еліңді сүйіп.
Жаратқан мәңгі жар болсын саған,
Басыңды бірақ жүре біл иіп.
2. Аз ғана минут бәрінде шешесің,
Бірінді жеңіліп,бірінде жеңесің.
Қайтарып алғын,өзгеден өзің,
Қателік кеткен,жеңіліс есесін.
Өнерді көрсет, әдісті қолдан,
Айың бір тусын, оңменен солдан.
Ата - баба рухы қолдасын сені,
Таймағын енді жеңісті жолдан...