Сенім

"Ауырып тұрмын", "Ауыратын сияқтымын", "ертең тошна ауырам" дейтініміз бар. Адам ауырғы келсе ауыра салады.  Ол-өзіңді өзің сендіру (самовнушение).

Мынадай бір оқиға естігенмін: бір келіншек ауылдың ауруханасына күнара келеді екен. Бүгін басым ауырды, ертесіне бүйрегім сыздап тұр, жүрегім жиі соғады, тағысы-тағы.  Келіншек жап-жас, аяқ-қолы балғадай, әл-ауқатты жерден. Дәрігерді де оның күнара аурухананың табалдырығын аттайтыны мезі қылады.  Сөйтіп  бұған шара қолданбақ болады. Әбден ойланған дәрігер оған "Қасиетті су" дайындап қояды. Келіншек келгенде "Мына суды пәленше деген әулиненің басына барғанда алып келдім, 1 ай бойы 1 қасықтан ішсең құлан таза  айығасың" дейді. Келіншек қуанып, суын алып кетеді. Сол күннен бастап келіншек 1 айға дейін аяқ баспайды. Бір айдан соң келіп, дәрігерге алғысын жаудырады. Сол суды ішкелі құлан таза айыққанын айтып, қуанышымен бөліседі.  Келіншектің диагнозын дәрігер сонда ғана түсініпті.  Мәселенің бәрі жүйкеден екеніне көзі жетеді. Өйткені жаңағы "қасиетті" су краннан алынған су болатын.



Бөлісу: