Өмірде ең қымбат нәрседен немесе қымбат жаннан айырылып қалатындай күйде боласың кейде. Айырылып қалып та жатамыз.. Оған кінәліні іздейміз. Кейде, кінәлі өзіміз екенін түсінбейміз. Бірақ кейде.. Жақсы деп жүрген жандарың, сыртыңнан соққы беріп немесе өмірде сені құлатуға тырысатындар кінәлі болуы мүмкін. Өміріңе сырттан араласып, барыңнан да бағыңнан да айыру олар үшін жат нәрсе емес. Үмітіңді үздіреді. Олар үшін өмір – алдау, арбау, сатқындық па сонда? Бірақ сондай, адал болып көрінгісі келетін, іші арам, екіжүзді адамдардың арқасында өмірде батылдана түсетіндейсің. Қиыншылықтар мен кедергілерге, жамандық пен жауыздарға қарсы тұруға күш жинайсың. Шүкіршілік етуді үйренесің. Әрбіреуіміздің өмірімізде ондай адамдардың болғаны мүмкін заңдылық шығар. Олар өздерін иманды санайды, бірақ шын жақсының, адамгершіліктің не екенін түсінгісі де келмейді. Жамандықтың тереңіне батар бәлкім?.. Сан саққа жетелеген ойлар да шексіз.. Қайткенмен де бәрінің есебі бар. Бұл өмірде болмаса келесі өмірде. Біреудің өміріне араласпай, өз жүрегімізді кірлетпей адал болайық.