Сенемісін жарығым сөздеріме,
Қызықпаймын алтынның көздеріне.
Маған тіпті маңызы жоқта деймін,
Жұпар иісті аңқыған гүлдеріңде.
Күнім дейсін күлімдеп күнде-күнде,
Маған күнге жетудің қадірі не?!
Қадірлім-ау, оданда силасайық,
Силастықта қалайды қадірдіде.
Барма асқан шынардың шымырауы,
Сол болсыншы жүректің үлкен балы.
Соған жетсек болғаны сен екеуіміз,
Ал қалғаны тағдырдың шырмаулары.
Мен айтпаймын құлпырып тұра берем.
Мінезіме басымды бұра берем,
Селт етердей қылықтар көрсен менен,
Мен әйелмін, оған сен шыда дер ем.
Сен ерімсін бұрқырап дамылдайтын,
Сәл ашулық мінезде арылмайтын.
Мүмкін болып кетердей қопарылса,
Мен болайын соныңды қабылдайтын.
Маңыздыма орамал ұзын көйлек,
Оны айту сен үшін жөні бөлек.
Некелессек екеуіміз тек болғаны,
Ал қалғаның орындау маған міндет.
Сен биік бол мененде, бәріненде,
Сол қалсыншы қуаныш көңіліме.
Текті ерім бол сынаса сын төріңде,
Мен боламын бас иер құрметіне.
Құрметтіме айнал да баура мені,
Көрсетпейді өзгесі жұпқа нені.
Біз ерекше болайық басқаладан,
Үлгі тұтсын болғаны мына сені.