"Сендер ешқашан жалғыз қалмайсыңдар". Ливерпуль футбол клубы

"Сендер ешқашан жалғыз қалмайсыңдар". Ливерпуль футбол клубы
жеке
блог

Жалпы әлемде №1 спорт түрі болып саналатын футболды көрмейтін адам кем шығар. Мен де футбол жанкүйерімін. Қызығушылығым мектепте оқып жүрген кезімнен басталды. Бұған әрине Ливерпуль ФК әсері ерекше болған. Себебі сол кезде Ливерпульді жаттықтырған Рафаэль Бенитес клубқа Чемпиондар лигасы кубогын алып берген болатын. Сол кез, яғни 2005 жыл. Финал, Ыстамбул,Туркия. Милан-Ливерпуль. Ойын басталды. Милан сол кездері өте мықты деген ойыншылармен толыққан еді: Пирло, кака, шевченко, креспо, мальдини т.б. Мальдини бірінші минуттан ақ есепті ашып Ливерпульді есенгіреткен. Артынша Креспо екі гол салып Милан жеңімпаз деген сөзді айтқызуға мәжбүрлеткен болатын. Бірақ......бірақ,,,, Футболда екінші тайм бар. Сол кезде Рафа ойыншыларға не айтқаны белгісіз, Ливерпуль ойынды шабуылмен бастап, команда жүрегі саналатын Стивен Джерард есепті қысқартты.Артынша Шмицер гол салды. Ал, Хави Алонсо есепті теңестіргенде Ливерпуль жанкүйерлері еріксіз көздеріне жас алған....Матч соңындағы "лотереядан" Еже Дудек Шевоның добын қайтарып Ливерпуль ЧЛ 5 дүркін чемпионы деген атақ әперген. Міне қайрат, міне жігер. 

Ливерпуль футбол клубы - Англияның Ливерпуль қаласында, Мерси өзенінің бойында орналасқан кәсіби футбол клубы. Ағылшын Премьер лигасында өнер көрсетеді. Клуб Ағылшын прмеьер лигасын 18 рет, Англия кубогін жеті рет және УЕФА Чемпиондар лигасын 5 рет, Еуропа лигасын 3 рет, УЕФА Супер кубогын 3 рет жеңіп алған даңқты футбол тобы болып табылады.

Ливерпуль клубының негізі 1892 жылы қаланған.Ливерпуль тарихындағы ең сәтті кезеңдер 1970-нші жылдар мен 80-нші жылдар болатын. Бұл кезде Білл Сһанклy және Боб Паіслеy бастаған ұжым Лиганың 11 дүркін жеңімпазы атанды және Еуропа алаңдарында 7 кубок ұтып алған еді.

Клуб жанкүйерлері екі үлкен апатқа ұшыраған болатын. Біріншісі 1985 жылы Эйзель Стадиондағы Ливерпуль жанкүйерлері тарапынан болған салмаққа шыдамаған қабырға құлап, Ювентус командасының 39 жанкүйері мерт болды. Екінші жағдай 1989 жылы болды. Ливерпульдің 96 жанкүйері қоршалған алаңнан шыға алмай тапталып мерт болды. 

Ливерпуль өзінің көршілерін негізгі бәсекелес ретінде бағалайды. Соның ішінде ең үлкен бәсекелестік және қарсылық Эвертон мен Манчестер Юнайтед клубтарымен арада орнаған. Клуб үйде ойнаған барлық ойындарға қызыл түсті киіммен шығады. Бұл дәстүр 1964 жылы жаттықтырушы Билл Шанкли заманынан бері қалыптасып келеді. Бұған дейін ойыншылар үсті қызыл, асты ақ киімде шығатын. Клубтың ресми әнұраны "YOU'LL NEVER WALK ALONE" деп аталады. Қазақ тіліндегі мағынасы "Сендер ешқашан жалғыз қалмайсыңдар" дегенді білдіреді. 

Осы клубқа жанкүйер болып жүргеніме 8 жыл болыпты. Ары қарай да боламын деген үміттемін. Себебі "БІЗ ЕШҚАШАН ЖАЛҒЫЗ ҚАЛМАЙМЫЗ"!!!!!!!