Сенбеймін. Үміттенбеймін. Сүйемін...

   Сисилия Ахерннің «Сенбеймін. Үміттенбеймін. Сүйемін» кітабын оқыған едім өткен жылы. Кітап туралы, автор тулары сөз айтуым артық болар. Себебі, кітап та, автор да бағасын алған. Өз басым кітапты оқып отырып, күлдім де, жыладым да. Сіздерге оқы, оқыма демеймін. Өйткені, талғамда талас жоқ. Керек адам менің сөзімсіз-ақ оқып алады. Мүмкін оқып та қойған болар.

   Сонымен, менің не айтқым келіп отыр? Айтқым келгені сол кітап ұнады қатты. Тіпті, кейбір фразаларды жазып алдым. Сондағы ұнаған ойлармен бөліссем деймін. Қызыққан жан болса, оқиды деп үміттенемін.

*Мен енді өзің жайлы ештеңе білмеймін. Мен сені тіпті көрмеймін де. Аптасына бір рет қана өзіңнен электронды хаттар алып тұрамын, болды. Білетінім, сенің қолың бос емес, тіпті жүрегің де. Қызың бар, бірақ мен сенің ең жақын досың едім ғой!

        

*Ақымақтығымнан бір адамға ғана сенген едім. Енді сол ақымақтығым өзіме жау болды. 

    

*Сол адамдар енді қайда? Осыдан 20 жыл бұрын ғана ата-анамыздың тойында куәгер болғандар неге жоқ? Бұл қалай? Кезінде дос болған адамдар жайлы бүгін ештеңе білмеуімізге не себеп? Менің әкем балалық шақта бірге жүрген досы жайында дым білмейді. Тіпті, ол жайында болжамы да жоқ.

*Шынында, өмір деген күлкілі әзіл ия? Енді ғана армандап, жоспарлап құрып, бәрі ойдағыдай деген күні бірденнен бәрі де өзгеріп шыға келеді. Бәрі де жоғалады. Солтүстігің оңтүстігіңе айналады. Жер айналып кеткендей күй кешесің. Сонда барып өзіңнің адасқаныңды түсінесің. Түзу жолдан таю деген оңай екен ғой сонда.

                                

*Мен бақыттымын. Осы бақыттан ләззат алып, шаттанып, жақсылыққа сенгім келеді. Бірақ, мені әлдеқандай сезімдер мазалай береді. Ішімнен біреу: «Бәрі тым жақсы болып кетті» деп тұрғандай. Бұл дауыл алдындағы тыныштыққа ұқсайды. Сенің ойыңыша, бұл әдеттегі өмір ме? Қалай?

        

*Өмір өз кезегімен зулап жатыр: жұмыс, жанұя, достар, жақсы көретін жандар...Осы кезде айқайлап «Тоқта!» деп айтқым келеді. Жан-жағыма қарап, бірдеңені өзгертсем деймін. Сосын ғана барып алға қарай ұмтылғым келеді. Саған қазір өте қиын білемін. Бірақ, өтінемін, есіңе сақташы. Мен әрдайым сенімен біргемін.

*Айдалаға жоғалып кету деген мәселені шешу емес. Әрине, адам жоқ жаққа кетіп қалуға әбден болады. Бірақ, есіңде болсын. Өзіңнен қашып құтыла алмайсың!

*Ештен кеш жақсы.

        

*Қолдан келмейтін дүние болмайды.

*Жолыңда біреудің тұруына мүмкіндік берме. Бұл сенің өмірің. Егер бірдеңені қаласаң, қолыңды соз. Саған ешкім алдыңа алып келіп бермейді. Осы үшін жақсы қыздар үнемі ұтылып жатады.

                         

*Егер адамдар бір-бірі үшін жаратылса, олар қалайда бірге болады.

*Біздің арамыздағы ұрыс өте мәдениетті түрдегі дауласу.

     

*Екеуінің жанары бір-бірімен жүздесті. Ол қыздың қолын қатты қысты. Ия, сол. Ақыры сол. Соңғы хатты жазған жігіт, хатының жауабын алу үшін қызға келді.



Бөлісу: