Сенбедің маған, сенбедің... (Сенің атыңнан)

Өзгеге сендің, бірақта маған сенбедің,

Сезімге мынау қолыңды бір-ақ сермедің.

Өзіңе іштей  сырымды айтып жатырмын

Сөзіне жұрттың - сөзіне жұрттың ермегін.

 

Жүрегім сені қалады, әттең, сен мені

Қабыл алмадың ғашық жүректі мендегі.

Сен-дағы қалап тұрсың-ау жаным басқаны,

Сол жанға ашық болсыншы сезім аспаны.

 

Сенбейсің маған, неліктен, айтшы сенбейсің?

Халімді менің көзіңмен келіп көрмейсің.

Ақиқат, шындық өзіңе деген бәрі осы

Неге сен мені бір жолға сынап көрмейсің?

 

Сан үміттің жетегінде алдандым,

Енді сені жүрегіме таңдармын.

Таңба қылып басып қоям мәңгіге,

Арнап жатырмын өзіңе мына әнді де.

 

Араладым мына өмір гүл-бағын,

Салайықшы ғашықтардың бірге  әнін.

Күндер зулап өтіп бара жатыр-ау,

Жараладың  жүрегімді сен жаным.



Бөлісу: