Кейде осылай еріксіз толғанып кетесің, жоқ нәрсе ойға келмейтін шығар: Қазіргі мен өмір сүрiп жатқан қоғам, мен жүрген орта таныс та бейтаныс. Түсiнiнiктi де түсiнiксiз. Шыншыл да алдамшы. Алдым жарық та бұлыңғыр. Тарам-тарам болып жатқан сан жолдардың тоғысында тұрмын. Таңдау еркімде. Жаңылдырғысы келгендерге жығылу, жақсылықка жетелегiсi келгендерге жақындау әрекеті. Әрине екіншісін калайсың ойланбастан. Ал кейде алғашқысына бой ұрып жығылуға ерiксiз мәжбүр боласың. Бірақ ақ арманыңнын, айқын мақсатыңнын жарқын бейнесінен көз жазып калмасаң, қайта бас көтере аласың, сен жетем деген меже жақындай түседі. Бастысы да осы. Бiр ақиқаты "Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап..." Ар жағы белгілі.