Сенбідегі туған күн
блог
Болатбектің туылған күнінде!
Сенбі күні кешке "Алаш айнасының" жалынды жастары "Алтын бидай" мейрамханасына жиналды. Болатбектің өзі орда бұзар "отыз жас"-деп айтқанымызды жақтырмаса да, атап өтуді жөн көрді! Сол туған күнді қалай тойлағанымызды баяндағым келіп отыр.
Кешкі сағат 21:00-ге белгіленген отырысқа, мен 10-минут асқанда кешікпей келіп кірдім. Кірген соң бірден таба алмадым. Сәкенге звондасам, ол келіп сыртта күтіп отырыпты. Ол кірген соң екеуміз бірге іздей бастадық. Сөйтсек Болатбек пен Әйгерім екеуі ғана отыр екен. Болатбек өзінің ұйықтап қалып, Әйгерім хабарласқан соң келгенін айтып, бізді күлдірді. Енді кімнен соң кім келді? Шамалы уақыттан соң Арман келді, одан кейін Болатбектің досының әйелі Тамаша жетті. Отбасылы жігіттер оннан (22:00) асқан кезде Жарқын әйелі, баласымен келді. Олар отырмай жатып, арттарынан Азиз жетті. Ол да әйелі, баласымен. Айтпақшы Асфендиярды осы күні алғаш рет көрдік. Қазірше мамасына көбірек ұқсайды. Ал олардан кейін, Маржан апай. Бірақ оның келуінен, кетуі тез болды. Құттықтап, қайтып кетті. Келе қоймаған тек Мәриям қалды. Ол сол кезде "Мегацентрде распродажа"-деп, сонда жүр екен. Қуаныш құттықтамаған екен, оған өзі звондап "Менің туған күнім құтты болсын"-деп, ұялтты.
(сапасы сәл нашар. менің соткамнан түсірілген суреттер, фотоаппарат болмай)
Содан отырыс басталды. Кім отырысты жүргізеді? Сен бол, сен болмен біраз уақыт өткіздік. Арманға айтып едік "әлдеқандай" болып кетті, сосын Болатбек Жарқынға айтты. Ол да өзінше бола бастап еді, Мен "не болды сонша, сен сөйле, сен сөйле деп, сөз беріп отыру қиын ба?"-деп ұрсып бердім. Содан ол бірден бірінші маған сөз берді. (өзім тілеп алғандай болдым:)) Сөзді сонымен өзім бастап бердім. Бәріміз сөз сөйлеп, біраз би билеп бола берген кезде Мәриям келді! Бірден сөз бердік. Ол лебізін білдірген соң, бәріміз Болатбектің бір жақсы жағы мен бір жаман жағын айтып өтуді жөн көрдік. Ұнамай жүрген жаман жағын бетіне айтқан жақсы емес пе? Жақсы жағы: Ақкөңіл, қолында бар болса, досынан аямайтын жомарт, жұмысына ұқыптылығы, кірпияздығы, жігітке тән әдептілігі. Жаман жағына келсек:
Әйгерім - "Кейде өзінше болып қалатыны"- ұнамайды деді.
Мәриям - "Маған үйленбей жүргені"(әзіл ме, зіл ме?) - ұнамайды деді.
Арман - "Қазымыр болып кететіні"- ұнамайды деді.
Жарқын - "Шыдамсыздығы жаман" - ұнамайды деді.
Назерке - "Ашуланғанда, мәселенің мән-жайына қарамайтыны" - ұнамайды дедім.
Сәкен - "Жағымпазданып кететіні кейбіреулерге"- ұнамайды деді.
Азиз - "Осы күнге дейін үйленбей жүргені"- ұнамайды деді.
Тамаша - "Псих и никто со мной не поспорит"- деп күлдірді.
Бізге ол тағы да бірнәрсе айтып еді, бір бәріміз жанымыз кіріп күліп алдық. Көбіне орысша сөйлейді екен, сол сөзді қазақша акцентпен айтқаны қызық болды. Сол сөз "прикол" болып кетті арамызда. Бірақ оны жазуға болмайды.
Содан соң "үйге қайту" басталды. Алғашқы болып қайтқандар, отбасылы, баласы барлар. Біраз уақыттан соң Тамаша да қайтты. Алты адам қалдық. "Арамызда Арманнан басқаларымыз, бойдақ екенбіз"-деп едім. Мәриям "Бес бойдаққа бір той"-деп, бәріміз бірге үйленсек я?"-деп, бізді бір күлдірді. Сосын маған мынадай ой келді, "Давайте, жеребе тастап, кім 1-ші үйленеді? кім-кімнен кейін? көрейікші!"-дедім. Сонымен салфеткаға 1-5 сандарды жазып, Арманға таратқыздық. Нәтижесі былай болды:
1 - Мен, :))
2 - Болатбек,
3 - Мәриям,
4 - Әйгерім,
5 - Сәкен.
Көреміз қалай болатынын? Құдай қаласа, уақыт көрсетер, кім-кімнен кейін екенін. Ал осы тізім бойынша болып жатса, таң қалмаңыздар!:))
Содан соң, қайта-қайта билеп, шаршап, ұйқымыз келген соң, тура түнгі сағат 3:00-де, Мен, Сәкен, Арман, Болатбек төртеуіміз қайттық. Ал Әйгерім мен Мәриям "ары қарай қаламыз"- деп қалды. Олар жігіттерді сындырып, бірақ нөмірлерін бермей қайтыпты:)) Сонымен бітті, баяндама.