Сенбі-жексенбілік қойылымдар

Сенбі-жексенбілік қойылымдар
жеке
блог

Cенбіде М.Әуезов театрында орыстың көрнекті жазушы-драматургы А.Чеховтың «Апалы-сіңілі үшеу»  пьесасы қойылды. Қоюшы-режиссері–ҚР халық артисі, Мемлекеттік  сыйлықтың лауреаты Р.С.Андриасян, режиссері  А.Кәкішева.

А.Чеховтың қай туындысын алып қарасаңыз да  адамдарға өмір сүруді үйретеді. Сондай шығармаларының бірі «Апалы-сіңілі үшеу»  пьесасында апалы-сіңлілердің де, олардың ағасының да  өмірде жолдары болмаған жандар.  Тіпті Вершининің де, Соленыйдың да өмірлері мәз емес. Ал Тузенбах туралы айтудың да қажеті жоқ, өйткені ол шығарма соңында адам қолынан қаза табады. Спектакльдегі барлық кейіпкерлер өзіне жақын жандардан айрылады. Өмірде жолы болған  жалғыз Наталья (үш қыздың жеңгесі). Дегенмен оның да өмірі өтірікке құрылған. Драма оқиғасы губерндік қалада, зиялылар отбасы Прозоровтардың үйінде өтеді.  Андрейдің қарындастары, апалы-сіңлілі үшеу: Ольга, Ирина және Машаның  бар арманы, басты   арманы  - өздері туып-өскен Мәскеуге кету.  Бірақ, олар қанша орайы келіп тұрса да кетіп болмайды.  Бір кездері Мәскеу университетінің профессоры болады деп үміт еткен  ағалары болса отбасының билігін қолына алғанәйелі Наташаға жалтақтайды.

Спектакльдің негізгі идеясы қандай да жағдай болмасын адам  басына түскен қиындықтарға төтеп бере білу керек деген ойға жетелейді.  Қойылымның негізгі идеясы және  бүгінгі күн үшін тағлымы осында. Тек қойылым мен үшін сәл әсерсіздеу болды. Ішімды пыстырып, аяғына қарай зеріктіріп алды. Әйтеуір бір көруге болады, тек қайталап көретін қойылым емес екен деген ой түйдім.  Сіз барып көріңіз, мүмкін сізге басқаша әсер етер Smile

Ал жексенбі күні көрерменге С.Асылбекұылының «Империядағы» кеш» деп аталатын 2 сағаттық драмасы қойылды. Қоюшы режиссері А.Кәкішева.

imperia

Мейрамхана иесі, кәсіпкер Айдардың туған күн кеші өтеді. Бұрынғы ғалым әріптестерінің туған күн иесіне ақжарма тілектері, ағынан жарылған көңілдер, мол дастархан. Бәрі керемет. Алайда... бір- біріне тілектес, әріптес, дос- жарандай көрінетін жандардың шын бет- бейнесі бірте – бірте сұлбалана бастайды да, бұл кеш Шекспирдің атақты «Өмір- театр, адамдар оның актері» деген қанатты сөзі мағыналана, ашыла түсетін кеш болып шығады. Достары безініп, бауыры өкпелеп кеткен кәсіпкер Айдар өлесі мас боп жатқан жерде әйелі басқа еркекпен көңіл қосады. Мұны көрген жалғыз ұлдары ашумен көлікке отырып, жолда...

Міне, бір сәтте барынан айырылған кәсіпкердің өмірі быт-шыт болады. Қойылым заманауи, айтар ойы терең әрі көңілді көріністерге қойылған. Ал бұл қойылымды қайта-қайта бес рет көруге болатын шығарLaughing

P.S. Сенбі-жексенбіде көрген қойылымдарым осы. Ендігі қойылымдарды сіздерге басқаша жеткізуге тырысамын. Бүгін дүйсенбі демалыс. Ертең сейсенбі 22-қазанда М.Сәрсекенің "Тендерге түскен келіншек" драмасы қойылады. Ал сәрсенбінің сәтінде И.Сапарбайдың "Қыз мұңы" лирикалық драмасы ұсынылады. Мен сіздерге екі қойлымды қосып бір жазатын боламын. Сәтін салса, сіз де қапы қалмаңыз Wink