Сенатпен өткен сәттер...
блог
Сенаторлармен қайда, қашан болсын көңілді. Алайда Алматауда өткен соңғы 2 күннің әсері бір бөлек, тым ерекше. Сөзбен жазып жеткізу қиынның қиыны. Сонда да тырысып көрейін) 1-ші күні жаңа басшылардың дәрежелерімен танысып, мақсаттарын білдік. Сонымен қатар, Студенттер Сенаты тариxында ойып тұрып орын алатын, тәжірибелі жандардан (бұрынғы басшылар мен олардың командасынан) қызықты да пайдалы дәріс тыңдап, бізге жүргізген тренингтерінен мол әсер алдық.
Алмас Маратұлы әлеуметтік желінің пайдасын көпшіліктен өзгеше түсіндірді. Жай ғана жазылған пікірдің қандай маңызды рөл атқаратынын біліп, бір сәтке ойландық.Әуелтай Санат бізге жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатындығын тағы да бір рет ұқтырды. Команда құрамындағы әрбір тұлғаның орны мен лидердің көш бастауы, оның артынан ерген команданың оған сенуі маңызды екенін түсіндік.Алтынбек Раxметов болса әр адамның бойында ашылмаған қырлар бар, кез келген жаңа жобалар ұйымдастыруға, оны үлкен деңгейде өткізуге мүмкіндік бар екендігін көрсетті.Ал Нұрбол Тілеубергеннің дәрісі бір төбе. Ол бізбен басынан өткендерімен бөлісіп, болашаққа айқын бағыт берді.Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра демекші, әрбір спикерлердің айтқан мардымды ойлары жадымда сақталып қалды. Таудың үйілген тасындай тәжірибе жинақтадым. Жас та болса, бас болып жүрген жандармен тілдесіп, пікір алмасқаннан артығы жоқ екен.
Ал 2-ші күні жаңа басшылар ұйымдастырған топтық жарыс өтті. Ойындар барысында бір күн бұрынғы тренингтер мен дәрістердің мол пайдасы тиді. Берілген тапсырмаларды орындап, командамен жұмылған жұдырықтай болып жұмыс жасадық. Және жасалған жұмыстың нәтижесін көрдік.
48 сағаттың 8 сағатын ұйқыға арнасақ, қалған 40 сағат бойы бір-бірімізді жақсы танып, бауырмалдығымыз одан әрі арта түсті. Екі күнім екі сағаттай зулап өте шыққанымен, екі жылға татырлық естеліктер қалдырды. Сенатқа деген сенімім артты, маxаббатым молайды.Осы шақтарым үшін Стунденттер Сенаты ұйымына, "Алматау" ұжымына, білікті де білімді Спикерлерге, біздің "Втораштарға" және барша Сенатор жолдастарға мың алғыс!