Сені іздеймін...

Сені іздеймін...
жеке
блог

сыныптасымның өлеңі.

Ағызып көкіректен өзен-өлең,
Сағынып жүрегімді езе берем.
Зымырап автобуспен өткен кезде,
Қөшеңе телміремін терезеден.

Бәсеңдеп машинаның жорғалауы,
Тәңірдің болар қашан оң қабағы?
Көшеге жеткен сәтте сен тұратын,
Көліктің жарылса екен доңғалағы.

Уақыттың пайдаланып қас-қағымын,
Тулайды "сезім" деген қасқа құлын.
Көз алмай қаншама рет қарасам да,
Көрінбес өзің түгіл,басқан ізің.

Үмітім-осындайда жұбанарым,
Жұбанып, қайғы-мұңды қуаладым.
Көшеңнен өткен сайын автобуспен,
Өзіңді көргендей боп қуанамын.

Алтынбек Ибрагим