Сен сұлулықты қалай сезінесің?
жеке
блог
блог
Сен сұлулықты қалай сезінесің?
Қолмен, әлде жүрекпен,
Сана, оймен, көңілмен,
Не болса да, айып етпе адамзат...
Бақыт қонған бейбақтардың бірі мен.
Сынаман мен өзге жанның бүтінін,
Көңілінің тоқтығы мен жоқтығын,
Санасының алшақтығы, барлығын,
Не болса да, айып етпе адамзат...
Жүрегімде орын алған бар бақыт.
Себепсіз-ақ күлкі силар жүзіме,
Жанарыма, оттай жанған көзіме,
Не болса да, айып етпе адамзат...
Мені іздеп тапқан екен махаббат...