Сен сол кез...
жеке
блог
блог
Сен сол кез...
Сен сол кез...
Мені баста елемеп ең, -ол да мұң,
Қуаныш пен ұстаттың-ау қолға мұң.
Өтінішім бар өзіңнен дәл қазір
Мені күтші, саған барар жолдамын!
Сен сол кез...
Маған көңіл бұрдың дағы, тоқтадың,
Суып сезім... Тастадың ғой отқа! Мұң
Сыйладың ғой!
Бірақ, менде дәл қазір
Бойымдағы "шыдам", "сабыр" жоқ жаным.
Сен сол кез...
Тағын бердің "Суық сезім" орданың,
("Бәрі жақсы болады!" деп жортамын...)
Сенемін мен, бірақ күнім, дәл қазір
Сезім менен махаббаттан қорқамын!
...Сен сол кез
"Сүйемін!" - деп маған жиі айтушы ең,
Сөздеріңнен қайта жанып, қайта өшем.
"Сүйемін!" - деп маған айтсаң дәл қазір,
Ойланбастан мен өзіңе қайтушы ем...!
авторы: Егембергенова Гүлдана