Сен менің бақытымсың......
Иә, иә, дәл осы адам менің бақытым...Мен осы адамды көрмесем тұра алмаймын, екі сағаттан артық дауысын естімесем өзімді жайсыз сезінемін, ол алыс кетсе ауырамын, бұлым шындық расында да қызуым көтеріліп ауырамын.
Мен оның қайсар мінезін, айтқанын істетпей қоймайтын қырсықтығын, батыдығын, мені қызағанатынын, барлығын барлығын жақсы көремін. Күн суық болса менің қалың киінгенімді қадағалайтын, ауырып қалсам уақытында ұрысып жүріп дәрімді ішкізетін, менің көңілім түссе көңілімді көтеруге тырысатын, мен қиналсам бірге қиналатын менің жақын адам дәл осы жан.
Бірге көп қиындықты көрдік(ондайды ешкімнің басына бермесін), ренжістік, ұрыстық, айрылыстық, қосылдық, әлі де бірге өмір сынақтарына төтеп беріп келеміз...Менің бақытымның бөлшегі болғанына 44ай болды. Мен онымен өткізген әр жылымды, айымды, күнімді, сағатымды, минутымды, секундымды бағалаймын, Аллаға сол үшін шүкіршілік етемін. Мен оны шексіз сүйемін......