Сен менің...

 

Көзіммен арайым басым.

(Жай ғана қарайын, сенбе...)

Сен менің бар ойымдасың,

Ал, менің бар ойым сенде.

 

Көрікті қабағың, қасың.

(Жай ғана қарадым, сенбе...)

Сен менің жанарымдасың,

Ал, менің жанарым сенде.

 

Сырыңды біле білгесін.

(Жай ғана жүремін, сенбе...)

Сен менің жүрегімдесің,

Ал, менің жүрегім сенде.





Бөлісу: