...сен мені таңдаған күн...мама...

   7 қаңтар...сен мені таңдаған күн. Осылай деймін. Жоқ сен мені бұрында-ақ таңдап қойғансың. Өмір алдыңа сын мен таңдау таразысын қойғанда осындай шешім қабылдағансың. Үшінші рет құшағыңа сәби құшуға болмайды дегенге қарамастан батылдық жасағансың...Өйткені, қызым болса екен деп армандағансың. Арманыңа жетуін жеттің-ау, тек сол арманыңның қызығын ұзағынан көре алмадың...Міне, бүгін сол армандаған қызың 21-ге толды. Алайда, бұл өзіңсіз толып, өзіңсіз өтіп жатқан 19-шы жылым екен...

  Кейде өмірдің қиын сәттерінде неге ғана мені таңдадың, онанда өзің өмір сүріп жүре бермедің бе деймін. Көзіңнің қарашығындай болған екі ұлың келін түсірсе, қызыңдай болар еді. Сен олай жасамадың мама...Сондықтан да мен саған мәңгі қарыздармын. Мен өзімді сенің өміріңнің жалғастырушысы деп білемін. 19 жыл айта алмаған сөздерім қаншама...Бүгін соның ең бастысын өзіңе арнап жазғым келеді...

  Сен әлемдегі ең асыл, ең керемет анасың. Жүрегім сезеді мені шексіз сүйдің. Сондықтан да жарық әлемді маған тарту еттің. Мен саған шексіз ризамын. Өмір сыйлағаның үшін...Осы өмірде болып, менің анам атанғаның үшін...Арманың сені ешқашан да жадынан, жүрегінен шығармайды. Көз алдымда болмасаңда, жүрегімде мәңгі барсың, тірісің...Мен сені жақсы көрем анашым...



Бөлісу: