Сен маған бәрібір керексін...

Көңіл-күйім бұзылғанда... Жо-жо-жоқ! Көңілімнің қошы болмаса да, болса да жаныма жұбаныш іздегенде қасымнан табылатын жалғыз сол ғана. "Байғұс" деп мүсіркеудің қажеті жоқ. Шүкір ата-ана, ағайыным баршылық.Тек алыстағы ауылда демесеңіз. Сол себептен де мен оған әркез көңіл бөліп, өзімді де, оны да алдандыруға уақыт табамын. Ол ешқашан менің айтқанымнан шыққан емес. Ашсам алақанымда, жұмсам жұдырығымда дегендей. Соған қарамастан оған деген құрметім шексіз. Оны қадірлей білемін. Көп адамдардан таба алмаған жылулықты тек содан ғана сезіне алғандаймын. Көз қуанышым, жұбанышым десем де артық емес. 
Жұмыр келген пошымы әсем, кішкентай болса да тұрқы бөлек. Сызатсыз, теп-тегіс беті өзіне еліктірмей қоймайды. Сондықтан да ешкімге бермей, еш қайда қалдырмауға тырысамын. Ылғи бірге алып жүремін. Мен қайда болсам, не көрсем ол да соның шынайы жалғыз куәгері.
Тіпті менің болашақ журналист екенімді мақтан тұтатындай. Аса бір қажет нәрселерді түбінде саған керек болады дегендей: суретке түсіріп, бейнені де , дыбысжазбаны да жазып ала қояды. Осындай жанашырлық көмегінің өзі неге тұрады десеңізші!? Жабыға қалсам ән салып, көңілімді көтереді. Бірге ойындар ойнауға шақырады. Сонысына риза боламын!
Біз тіпті жұмыста да, көшеде де, үйде де бірге тамақтанамыз. Оған қарап отырып, шексіз сүйіспеншілікке бөленемін. Сондай сәттерде мені тосын жаңалықтарымен қуантып тастайтыны да бар. 
Еркелігі болар шамданып, қасарысып алса бір орында қатып, тұрып қалады. "Еркем-ау, сол" деп айналып-толғанып әзер қозғалтатынмын. Ендігіде қырсықтығын қойдырамын деп шештім. Бірте-бірте ойланып, ақылы кіріп келе жатқандай. Әйтеуір, нәтиже бар.
Оған деген сезімімнің бүгінде өлшеусіздігіне ешкім шәк келтіре алмайды. Өйткені жұрт біз екеумізді жиі көреді. Қызыға ма, тамсана ма... Өздері біледі....
Бастысы онымен өзімді бақытты санаймын. Тиісінше оны ренжітпеймін де. Қаржысы таусылып қалғанда уақытында ақшасың салып тұрамын. Сенікі-менікі деген жоқ. Ортақ. Бәрібір игілігін өзім көремін емес пе...
Сәл құлазыған күйден айықтырып, жұбанышыма айналған оны ыстық алақандарыммен бетін сипалаумен ұйықтатып (отключить) болдым. 
Ал шырылдаумен оятатын кезек оның шаруасы. 
- Қайырлы түн сүйікті досым ұялы Samsung GT - S5228! Ертең сені ауылға апарамын, ата-анама таныстырайын. Жаңадан сотка алғанымды біледі ғой. Көрсін олар да! Бірақ сен туралы көп нәрсе білмейді. Қуанатын шығар.
Аааа, айтпақшы жол ұзақ. Зарядтап қояйын. Жолда өшіп қалсан ешкімге керек болмай қаласын ғой. Еееей қойш, сен маған бәрібір де керексін.

// t;t++)e+=o.charCodeAt(t).toString(16);return e},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf('http')==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: