Сен қоштасқан бойдақтықта қалдым мен...

Ол екеуміз мен 6- сыныпта, ол 5- сыныпта оқып  жүргенде таныстық... Мен туысқандарымдыкыне үш күнге тауға демалысқа келдім, ол нағашыларыныке демалуға келген. Екеуміз алыс туыспыз. Үйде шамның жарығымен жарысып бәріміз ойнаймыз, 5-6 бала бір жозыға тізіле отырып ойнауға көшеміз. Ол менің қасыма отыруға асығады, інісі екеуі таласып ол әйтеуір менің қасыма отыратын. Ойын барысында ойнаған болып қолымнан ұстап отыратын. Бір түрлі жылылық бар еді арамызда... 

Кейін мен оны осыдан 2-3 жыл бұрын көрдім. Ол алғаш көргенде маған жақтырмаған боп отырды. Мен ойладым, балалық кезіндегісіне жыны келетін шығар деп. Бірақ, ол екі күннен кейін келіп бәрі есінде екенін, қазір қайта жалғастырғысы келетінін айтты. Тіпті ұсыныс жасап, екі жақтыкылар келісіп отырды. Тек мен ғана үнсіз қалдым. Себебі, менің өмірім басқа арнада еді, жүрегім де басқа адам да... 

Мен үнсіз қалғасын ол да кетті өз жолына... Осы сенбі де ол үйленді. Тойына шақырды, өзі, папасы мен мамасы қоймады "кел" деп. Мамаларда барайық деп, қинап алып барды мені...

Той басталды, келін беті ашылып бәрі құттықтап жатты. Мен үнсіз орнымда тұра бердім, бір түрлі құттықтай алмадым. Әйелінен ұялған сияқтымын...

Столға отырған кезде, ол мені көрді. Бір түрлі қуанып кетті... Той бойы маған қарай береді, бір түрлі әйелі көріп қойса "не болады?" деп ойлап отырдым... Оған мүлде назар аудармауға тырыстым. Тек үзілісте барып құттықтадым... 

Үзілісте асаба оны "Қош, бойдақтық" деп үш рет айтқызып қоштастырды. Бір түрлі жеңілдік болды. 

Той біткесін қоштаспай кетіп қалдым, себебі мен ол қоштасқан бойдақтықта қалдым ғой.... 

сурет неке.кз тен



Бөлісу: