Сен кімсің? Досымсың ба, қасымсың ба?
Төбемнен түсер әлде жасынсың ба?
Қорғайсың ба өмірдің соққысынан,
Әлде тастап кетесің бе тосыннан?
Жауап бер, шыныңды айт, кімсің өзің,
Қаншалықты сенуге тұрар сөзің.
Пана іздеп жаныңа барғанымда,
Қанша рет мені алдады қара көзің?
Сенуге тұрар лайық адамсың ба?
Адал дос менің үшін боласың ба?
Жоқ әлде пайдаңды ойлап бір күндері,
Көпірдің сырт жағында қаласың ба?
Ғазиза Ақмахан