Сен кеттің...

Сен кеттің...
жеке
блог

Сен кетіп барасың ба? – деп сұрады ол көзінде жас тұна...

- Иә... Мен басқаны сүйіп қалдым! Мен сенен жалықтым, балалардың айғай-шуынан мезі болдым!

- Бірақ бұл сенің балаларың ғой! Олар әлі шиеттей ғой! Қалай ғана дәтің барады?

- Болды, жайыма қалдыр! Сен ажарсыз болып кеттің!

- Мен кіші ұлымызды дүниеге әкелгеннен кейін әлі күш жинаған жоқпын ғой! Бұл өтпелі кезең емес пе!

- Айттым-бітті, мен кетемін!!! – деп айғайлап, оны бар екпінімен итеріп жіберді.

Ол басын қабырғаға соққан күйі құлап түсті. Тамағына өксік тығылды, бірақ жыламады. Екі жасар ұлы оянып, осы «көрініске» қарап тұрды.

- Жақсы, бара ғой, бірақ есіңде болсын, біз сенің алдыңа бас иіп бармаймыз. Біз сенсіз-ақ өмір сүреміз. Кеткен соң кері жол жоқ саған – деді ол байсалды үнмен. Содан соң, бөлмеге өтіп, бес айлық шамасындағы кішкене сәбиді қолына алды, сол күйі үшеуі жұбайын, әкелерін көздерімен ұзатып салды...

Бес жыл өтті...

- Иә, алло? Міне, келе жатырмын деймін, келе жатырмын! – деп телефонына күйгелектене жауап қатты жас шамасы отыздардағы ер адам.

«Құдайым-ау, ол мені әбден шаршатты - деді ол ішінен, - барып, саябақта біраз отыра тұрмасам, үйге беттегім келіп тұрған жоқ...»

Ол орындыққа отырып, жанында ойнап жүрген балаларға көз салды.

"Менің балаларымның қазіргі түр-келбеті қандай болды екен?.. Ендігі үлкен жігіт болып өскен шығар... Ал ол ше?..

Айтқанындай-ақ бір рет те қоңырау шалмады... Бұл ақымақ болыпты. Осы кезде ол таныс бейнені көзі шалды, - О Жаратқан, мынау сол ғой! Қалай жақындасам екен?! – деп, балалардың оған қарай жүгіре жөнелгенін көрген ол қобалжып кетті. Бар батылдығын бойына жинап:

- Сәлем! – деп үн қатты.

- Сәлеметсің бе... – деп аң-таң болып, жауап қатты ол.

- Мен сендерді көргеніме сондай қуаныштымын! Мынау менің балаларым ғой, иә? Олардың есімдері есіме түспей тұрғаны...

- Маңызды емес, енді оның еш мәні жоқ!..

- Менің айтқым келгені...

- Сен бәрін сол кезде-ақ айтқансың...

Кенеттен ұлдары «Әке!» деп айғайлап бұларға қарай жүгіре жөнелді. Ер адам өз бақытына өзі сенбей, толқып кетті. Алайда балақандар бұлардың жанынан жүгіріп өтіп, бұларға қарай келе жатқан бөгде ер адамның құшағына құлай кетті. Олар екеуінің жанына жақындады, ер адам әйелдің бетінен сүйіп, мұнымен амандасты.

- Қымбаттым, бұл кім!

- Бұл жай өтіп бара жатқан жүргінші ғой, жақын жердегі дүкеннің қай маңда екенін сұрады. Мұнда жақында келген екен. Жүріңдер, үйге кірейік, мен дәмді самса пісіріп қойдым.

- Ағай, дүкен анау бұрылыстан кейін! – деп айғай салды жүгіре басып кетіп бара жатқан жеті жасар балақан.

(Дереккөз: vk.com беттері)