Сен келерсің...

Үнсіз таңның күйдіріп сылқым демі

Жалығармын, 
Жүрегім балқып болып...
Бүгін, ертең, әйтеуір бір күндері
Сен шығасың алдымнан бақыт болып!

Сен келерсің...
Ән болып таң нұрымен,
Түнде мүмкін өлең де боп сен келерсің
Сен келерсің...шілденің жаңбырымен - 
Жалықтырды ұстатпай жел елесің!

Мейлі менің саған іңкәр жан-жүрегім
Сағынышқа мәңгілік шегеленсін!
Сен келгенше...
Болсыншы ән-жыр емім
Өртеп-жағам оларды сен келгесін!



Бөлісу: