Күздің ызғарлы күндері болсада,сол күні ерекше күн нұрланып,жылы болды.Менің де көңіл-күйім күндегіден ерекше шат-шадыман күйде жүрдім.Жүзіме күлкі үйіріп,менен бақытты жан жоқтай сезілді.Сол күні сенімен таныстым,көзіме оттай басылғанда өзің болдың.Сенің бір қараған жанарың,жүрегіме шоқ болып түсіп,міне енді жүрегім алаулап жанып барады.Сенімен танысып,сөйлескенде де жүрек соғысым жиілеп,өз күйімді өзім түсінбей қалдым.Сенімен араласа келе мейірімді,тәрбиелі,жан дүниеңнің сұлулығына көзім жеті.Саған деген сезімім одан сайын арта түсті. Жүрегім қанша сен деп соқсада,сыр білдірмеуге тырыстым.Сен сезіміңді білдіргенде,мағанда бір көргеннен ғашық болғаныңды айтқанда бақытты жан мен едім.Ия жай ғана бір сөзден бақытты болдым.Сөз дегенің адамды өзгертеді екен.Сол күзден бері бақыттың құшағында келемін.Күздің қара суығында сезім гүлін екседе,шын ниетпен егіпті.Сол гүлдер әлі гүлдеп тұр.