"СЕН ҒАНА"
жеке
блог
блог
СЕН ҒАНА...
«Тек сен жүр» деп жанымда сұранамын,
Қаламаймын көңілдің құлағанын,
Қуаныштан өзгені көрсетпесін
Тәңірден осы ғана сұрағаным.
Жүректегі қамалсың, мұнарасың,
Жалғастырар көпірсің түн арасын
Пәк сезімнің иесі болғаннан да,
Көз алдымда сен ғана тұра аласың.
Сөйлегенің, күлгенің күлімсіреп,
Таңға баспай тұрғандай түнім тіреп,
Жарқыраған бейне боп көрінесің,
Айтқандай-ақ айым да күнімсің деп.
Жабықсам да, сен үшін күле жүрдім,
Сен деп жаным өмірді сүре білдім
Жайсыз күннің жағымсыз көп тұстарын,
Татсамдағы құламай түрегелдім.
Пікірімен басқаның санаспадым,
Сені ойлаумен ашылар қара аспаным
Есіміңді атасам, өзгелердің,
Қаламаймын жарыса, таласқанын.
Жансая ҚАБДЕН