Сені еске аламын
блог
Өткен күндер санама сыр ұқтырып,
Өкпелесін өр кеудем жылып тұрып.
Сені еске аламын жанарыма,
Іркілген жас тамшысын сығып тұрып.
Сезім шарпып мұңдардың үсігі алып,
Жұлдызды аспан қарайды ісі налып.
Сені еске аламын суретіңді
Қойыныма түндерде қысып алып.
Құшағына қиялдың құлап алып,
Ұзақ ойға шомамын тұра қалып.
Сені еске аламын саябақта,
Оңашада отырып жылап алып.
Сеніміммен тамшыдай балақ түріп,
Жолдарыммен қайтамын сәл-ақ күліп.
Сені еске аламын ғашықтарға,
Қызығада қызғана қарап тұрып.
Гүлдей жайнап қалсақ та солып біз-ақ
Өкінішім кеудемді,орып сызат.
Сені еске аламын айнадағы,
Өз жүзімнен жүзіңді көріп ұзақ.
Көкірегіме сағыныш тылсым тұнып,
Тұңғиыққа еріксіз құлшындырып.
Сені еске аламын шарпылысқан,
Толқындарға көзімді ұмсындырып.
Сырға тұнып тынымсыз түн әлегі.
Ренішімнің тынымсыз тынар лебі.
Сені еске аламын айға қарап,
Жұлдыздарға жетектеп түн әлемі.