Сен де отандық өнімді таңда!

Сен де отандық өнімді таңда!
жеке
блог

Қазақ халқы сонау ертеден сүт өнімдерін ардақ тұтқан халық. Әжелеріміз ақ сүттен неше түрлі тілді үйіретін өнімдер даярлаған. Құрт, айран, сүзбе, қаймақ, май ... Сірә дәмін татып, тамсанбаған қазақ жоқ болар?! Ал бүгінде заман басқа,  адамдардың өмір сүру дағдысы да басқа. Бұрынғыдай әр қара шаңырақ мал-жандарын асырамайды. Бұл  құрт-қаймақты жасайтын арнайы фабрикалардың ашылуына және солардың кәсібін жаңғыртуға үлкен себеп болды. Сүт өнімдерін даярлау үлкен кәсіпкерлік жұмысқа айналды. Бүгінде елімізде бірнеше Сүт өнімдерін шығаратын фабрикалар жұмыс атқарады. Сол фабрикалардың ішінде сапасымен де, нәтижесімен де ерекшеленген - ЖШС "Нәтиже сүт өнімдері"

сүт өнімдері

 

Нәтиже сүт өнімдері Отандық өнім жұмысын 1999 жылдан бастаған болатын. Алғашында "Балхашсүт" атымен саудаланып жүрген сүт өнімдері кейіннен , яғни 2003 жылы өздерінің жеке брендін қалыптастыру мақсатында "Natige" деген атауға ие болады. Сүт өнімдерінің басты ерекшеліктерін айқындап көрсетуге болады.

  •  Консерванттың жоқтығының арқасында,

ең қысқа сақтау мерзімі

  • Экологиялық тазалық. Біздің фермаларымыз

қала мен заводтардан алшақ

  • Біздің сиырларымыз гербицидсіз өскен,

жергілікті шөптермен және таза бұлақ суымен қоректенеді

  • Сүттің жаңа жабдықтарда өңделуінің арқасында, зиянды бактериялардың

жоқтығына кепілдік береді

  • Айран өнімінің өндірісінде,

біз тек табиғи айран ұйытқысын қолданамыз (http://natige.kz/)

Йогурт - нәтиже

"Natige" Сүт өнімдері ЖШС сапа жағынанда жаңару жағынан да қалыс қалып отырған жоқ оның біршама жетістіктерін айқын көрсетуге болады. Мысалы, осы сүт фабрикасының бас директоры, Ерлан Әшім, "2008 жылы автокөліктерді ауыстыру ісін бастадық. Егер бұған дейін аудандарда бұрынғы заманнан келе жатқан ескі сары сүт тасушы көліктер жүрсе, қазір бізде автопарктің 90 пайызын су жаңа көліктер құрайды." деп мәлімдеген болатын.Фабрика  күннен-күнге халыққа қызмет көрсету дәрежесін көтеріп келеді. "Өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы — «Нәтиже» сүт фабрикасының басты ұстанымы, бұл мәселеге біз ерекше назар аударамыз." бұл сөздерден нәтижелі жұмыстарын көріп отырымыз. Отандық өнім халықтың қалауына айналуда. Бұл жақсы сапа мен үлкен еңбектің арқасы.Сен де отандық өнімді таңда!Нәтиже Сүт фабрикасықаймақ