Көктем келіп, күн жылына бастағанда көпшілігіміз, қысымен жинаған денеміздегі артық салмақтан арылудың жолдарын қарастыра бастаймыз. Таңерертең ерте оянып, бір сәт таңғы жаттығыға көңіл бөліп, жүгіріп дегендей, әрекет ете бастаймыз. Менде сол, қарапайым көпшілік сияқты қыстан жинақтаған қорымды шығарып, одан құтылудың түрлі жолдарын қарастыра бастадым.
Бірінші, бірге жұмыс жасайтын әріптестерімізбен келісіп, әр аптаның жұма күндері жиналып, залды жалға алып кіші футбол ойнауды қолға алдық. Ойнаған күні тер шығарып, біраз жаттығу жасағанмен, аптасына бір-ақ күндік ісіміздің нәтиже шығару қиынырақ. Сондықтан да артық салмақтан арылудың басқаша жолдарын қарастыра бастадым. Негізі өзім жалқау жандардың қатарына жатамын. Азанда, таңғы тәтті ұйқыны қиып ояну мен үшін азап нәрсе. Бірақ, уақыт зымырап өтіп жатыр, сенің еркелігіңді уақыт көтермек емес.
Не істеу керек. Басында бір-екі мәрте азанда ерте оянып, жүгіруді қолға алып көрдім. Бірақ, ертесіне қайта ояна алмай, кері тартып жүрдім. Бірде, інімнің нотбугінен кездейсоқ бірнеше қызықты фотоларды көзім шалып қалды. Вконтакте сайтынан алынған бұл суреттер жаңа ой туындатып, жасалған схемаларға қарап, жаттыға бастадым. Алғашында, оңай болып көрінген бұл сызба, жаттығы барысында біраз тер шығара бастады. Жақсы жері, әр аптаға жаңа жүйе бекітілгендіктен, прогрес бола береді. Апта бойы таңертең ерте тұрып, межелі қашықтықты жүгіріп келгеннен кейін, осы кесте бойынша жаттығы жасауды қолға алып көрдім. Нәтижесі де өзіңе білініп тұрады. Жұмыс уақытында өзіңді сергек сезініп, ағзаңдағы жеңілдікті байқайсың. Көңіл күйіңді де бақылауда ұстауға мүмкіндік беріп, өзіңнің әрекеттеріңе бағаңды ұялмай бере аласың.
Және, тәулік бойы жақсы көңіл-күйде жүруге дұрыс тамақтанудың да әсері мол. Жұмыстағы әріптес ағайымның айтқаны бар еді "Таңғы асты өзің іш, түскі асты досыңмен іш, кешкі сты жауыңмен іш" деп, сол таңғы астың жақсы болуын барлық диетологтар мақұлдайды. Ал, таңертең жаттығу жасасаң, асқа да тәбетің артып тұрады. Таңертеңгі жалқаулықты жеңіп, сізде жасап көріңіз осы жаттығуды. Және бір түсінбей жүргенім, бір блогқа бірнеше суретті қалай қояды?