Сәлем көрермен!
Сіздермен сен білесің бе айдары және мен Айгерім.
Сіз білмейтін ақпараттармен бөлісетін боламын.
Әйелдер еркектерге қарағанда кітапты көп (68%) сатып алады.
Дүниежүзі бойынша сатылатын кітаптардың жартысынан көбін 45 жастан асқан адамдар сатып алады.
Италиялық Рио Козелли деген оқымысты әлемдегі ең іш пыстыратын кітаптарды жинаған. Оның барлық кітабы 10 000 томды құраған. Бір күні жолы болмай қойған италияндық ақын өз кітабын Коззели кітап коллекциясынан көргенде, өзіне қол жұмсауға шақ қалған.
Абақтыда жатып жазу жоспары түзілген кітаптардың тізімінде Сервантестің «Дон Кихоты», Жон Банянның «Әулиенің саяхаты», Оскар Уайльдтың «Абақтыдағы кешірім», Никола Макиавеллиннің «Әмірші» шығармалары бар.
Қалың оқырмандар арасында өткен кітапты дауыстап оқу марафоны 224 сағат созылған.
Ғылымда кітап ұрлаушыларды библиоклептоман деп атайды. Дүниедегі ең атақты кітап ұрысы – Стивен Блумерг . Ол 270 кітапханадан 23 мыңға жуық таңдаулы шедевр кітаптарды ұрлаған. Оның кітапхана қорының құны 20 млн доллардан асып жығылады
Дүниедегі ең үлкен сөздік – «Неміс сөздігі» («Deutsches Wortetbuch»). Мұны Якоб ва Вильгельм Гримм 1854 жылдан бастап құрастыра бастаған. Бұл іске, кейінен, көптеген ғалымдар үлес қосып, 1971 жылы сөздік жазылып бітеді. 33 томдық бұл сөздік – 34519 беттен тұрады.
Әлемдегі ең атақты жазушылардың бірі һәм бірегейі – Агата Кристи. Оның детективті хикаялары 50-ден астам тілдерге аударылып, әліге дейін оқылым тақтасынан түспей келеді. Кристидің кітаптарының басылым саны – 2 млрд-тан асады.
Дүниедегі ең ауыр кітап Британия музейінде сақталған ХVII ғасырға тиесілі географиялық атлас екенін білесіз бе? Ол кітаптың ұзындығы – 1,9 мерт, ал салмағы – 320 келі тартады.
Назарларыңызға рахмет!Сау болыңдар