СЕН БАҚЫТТЫСЫҢ, МӨЛДІРІМ!

Иә, біз көне қалада, аты қала заты ауылдай көрініс тапқан жерде танысқан едік. Бізді таныстырған мамандығымыз бен бір жерден орын тепкен жатақханамыз еді. Сен 3 қабаттың басында тұрсаң, мен аяғында тұратын едім. Сабылып ұзынан-ұзақ болған коридорды кезіп күніне мың мәрте жолығушы едік. Бірақ мен өте күдікшіл адам едім. Менің күдігіме үлес қосқан жандар аз емес еді. Сонда да біз бірге едік. Талай қыздың қиқарлы тағдырына да бірге куә болып, бөлмеге кіре алмай қалған сәттеріміз де болмай қалған жоқ.  Біз келесі жылы дөңгеленген коридоры бар 3 этажды жатақханаға ауыстық. Бастапқыда бәрі жақсы бола қоймады. Өз елімізде өзбектің тепкісінде көріп, әділдікті ақ ете алмай қалған сәтіміз де болды. Талай ауыр да жеңіл күндерді бірге өткізсек те, мендік бір талап екеуімізді екіге айыруға тура келді. Іштей егіліп тұрсам да тура қарап түк болмаңандай қатулана қарадым. Қанша десек те көзіңнен бәрін ұғып тұрған едім. Мөлдіреп жасқа толса да сен де білдірмеуге тырыстың. Сол кезде ішімнен, Қатал өмірдің қатал сынағына үйреніп қайта келсең болар еді, енді келсең де келмесең де өзің біл деген едім. Менің жанымда тәкәппар, бермесіңді жұлып алатындар жиналды. Мен олармен көп уақыт бірге болғаным жоқ. Тек сәлеміміз түзу болып қалды. Үшінші жылы да сонда болдым, бірақ менің қасымда ешкім жоқ еді. Тек группаласым ғана  келіп, миымды ашытып кететін) Көп істің басында өзім жүрдім. Дегенмен де жаман емес еді. Мен сені сырттай бақыладым, көрмегенің жоқ еді. Менің көзіме төрт құбыласы сай адамдай көрінгің келетін. Мен бәрін білсем де үн қатпайтын едім. Жәй хал сұрасумен шектелетін едік.

Сенің жаның сондай нәзік еді, тез жараланатын, бірақ қаталдығың бар болса да қолдана бермейсің, білем бір кездері маған ғана қолданған едің есімде. Төртінші жыл сенің азапқа белшеңнен батқаныңды білдім, араға ауылдас құрбымызды салып менен білдіртпей көмек сұраған едің. Бір өтінішіңді тыңдап, екіншісіне мән бермей қойған едім. Бірақ күздегі халіңді көрдім, ұқтым, білдім. Құр сүлдең қалған екен. Неге екенін білмеймін, сенімен сөйлескенде алып ұшып, қиындығыңнан құтқарып, қол алып құшақтағым келеді. Өткен күндегі балалығымыз есіме түсіп мазалай береді. Сен менің сағынышыма айналдың. Сол үшін бақыттысың. Бірақ сағынышымды басуға аз қалды. Мен саған қашанда қол ұшымды бере аламын. 



Бөлісу: