Сен БАҚЫТТЫСЫҢ!

Сен БАҚЫТТЫСЫҢ!
жеке
блог

Кейде көңіл түсіру үшін тұрмайтын мәселелерге бола ренжіп, өмірдің әр күнін ризашылықпен қабылдамай, бақытты екенімізді ұмытып кететініміз рас. Достым, ойланып қарашы, бақыт сенің айналаңда!

 

Егер сенің он екі мүшең сау болып, бүгін атқан таңды қарсы алсаң, сен бақыттысың.

Егер саған қымбат жандар – ата-ана мен ағайын-туысқан – аман болып, “төртеулерің түгел болса”, сен бақыттысың.

Егер татулығы жарасқан елде өмір сүріп жатсаң, сен бақыттысың.

Егер махаббатыңды кездестіріп, жүрегіңе жақын адаммен жарассаң, сен бақыттысың.

Ал егер кездестірмесең, қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынас кезінде пайда болатын сан түрлі мәселелерден басың бос деген сөз. Бәрібір, бақыттысың. Бар қызық алда!

Егер сүйіп жасайтын ісің, қызуғышылық танытатын жұмысың болса, сен бақыттысың.

Үйлеріңде сәби бар ма? Бақыт деген солар ғой!

Егер қажет жағдайда қолдайтын, қиналғанда демеу болып, қуанышыңды бөлісетін адал достарың болса, сен бақыттысың.

Егер оқып-тануға, әлемдік жаңалықтарды білуге мүмкіндік болса, сен бақыттысың.

Егер таңдау құқығың болса, сен бақыттысың.

Егер ертеңіңе сенім мен үмітпен қарасаң, сен бақыттысың.

 

Егер...Әрине, өмір ақ-қара, мұңсыз емес. Бәлкім, қиындықтар бақытты кездерді түсініп, бағалай білу үшін керек шығар; талай сындардан өтіп, қол жеткізген бақыт одан да тәтті көрінеді ғой! Дегенмен, әр адам - өз бақытының иесі. Ойланып қарашы, бақытты болуға миллион себеп бар.