Сен...

Сен

 

Сен...

Күлкімнің себебісің

Өмір мені бақытқа бөледі шын.

Мен үн-түсіз үзіле қарағанда

Көздерімнен бір сезім көремісің?

 

Сен...

Әрине байқамадың

Білдіртпестен өзім де жай қарадым.

Жүрегімнің лүпілін қалайша мен

Тілімменен жеткізіп айта аламын?

 

Сен...

Мені жәй таныс дедің

Сүйсіндірді ал мені бар істерің.

Дәл жанымда жадырап жүргеніңмен

Жүрегімнен тым бірақ алыста едің.

 

Мен...

Сонда да көңілдімін

Сені көрсем шалмастай өмірді мұң.

Маған жалғыз керегі мына бүгін

Амандығың, Ғашығым, сенің Күнім!



Бөлісу: