Сайын дала
блог
Сайын дала!!!
*
Отын мәңгі маздатып шырағының!!!
Шарықтатқан көгінде қыранын мың
Төсінді еміп шырынды суыңды ішкем!!
Сайын дала мен сенің- ұланыңмын!!!
*
Байтал баптап еріттеп құлагерін ,
Бастырмаған жауына жыра белін..
Ата-бабам корғаған алтын алкап,
Сайын дала- сен менің мұрам едің
*
Еркелеген,шақтарда тыңдамаған,
Сәл сүрінсем дейтінсің тыңда балам.
Балалықты сағынсам
Сайын дала,
Көкірегімді сендегі құмға малам.
*
Өр кеуденің жаңғыртқан қайта демін,
Сайын дала не деген байтақ едің.
Жусан жапқан төсінді жырға бөлеп,
Айта бергім келеді,айта бергім.*
*
Жел үрпіген белдірдің қыр етегін,
Жайлауында жатып-ап жыр етемін.
Сайын дала,шыңыннан шарқ ұрғызып,
Көгершін жырларымды түлетемін.
*
Азаттығын дәлелдеп ұлы аңғардың,
Мәртебесін жыр етем ұландардың.
Мекені едің не деген Сайын дала!!!
Көк аспанда шарқ ұрған қырандардың,
*
Дәлелдетіп Таулардың алыптығын,
Ұясынан атсыншы алып күнім!!!
Сайын дала өзіңді мақтан етер,
Өсіп келет өр рухты халық бүгін.
ДН