Массагет - түп тамырымыз, қазақтың ұлт болып қалыптасу жолындағы алғашқы бірігу процесіне қатысқан негізгі тайпа. Біз бүгін оқитын тарих ұсынатын деректер "массагет" сөзін Геродот еңбегінен алынған. Тарих атасы біздің ата-бабаларды солай атаған. Дегенмен мұнда (Геродоттың "Тарих" атты еңбегінің жетінші кітабында) массагеттер туралы аз мәлімет беріледі. Ал оның тамыры одан да тереңде жатқаны рас.
Рим және Мысыр өркениеттерімен тең дамыған Хет империясы (Қазіргі Түркия территориясы) қазақ даласынан көшкен массагет тайпасының бір тармағы болған. Массагет сөзінің түбірінен "хет" атауы келіп шыққан. Ендеше Хеттер Түркияға барып тұрақтанып, империя құрған уақытын ескерер болсақ, массагеттер Қазақ даласында одан да ертеректе өмір сүргеніне сенімді боламыз.
"Ұлы көшке" қатысқан герман тайпаларының құрамындағы Скифтер (Қазіргі Венгрия, Қырым) мен Готтар (Германия) шығыстағы массагеттің құрамдас тайпалары болған. Шындығында, Скифтер қара теңізінің солтүстік жағасында өмір сүрген массагеттің "кемер" тайпасы болған. Геродоттың Сақтарды "Азиялық Скифтер" деп атағаны да белгілі (себебі екі тайпаның тұрмыс-тіршілігі өте ұқсас болған). Егер Геродот бірінші қазақ даласына саяхаттап, сосын Қара теңіз жағалауына барғанда, онда "Тарих" дерегінде қазіргі Қазақстан территориясында массагеттер, ал Қара теңізінің жағасында "Еуропалық массагеттер" өмір сүрген деп жазылар еді.
"Гот" атауы "гет", "массагет" тайпа атауларынан келіп шыққан. Еуропалық ғалымдар готтарды скандинавиялықтар деп болжайды. Тайпа атауының әр жазбада әртүрлі атпен келуі (Себебі дерек қалдырушылар әртүрлі өркениеттің өкілдері болған: Грек, Парсы, Қытай, т.б.) және төл көне жазба деректеріміздің аз болуы (Көне түркі жазбалары) бізді шатастырады.
Міне осыны қайта жаңғырту үшін сайтымыз "Массагет" деп аталды. Оның тарихы сіз ойлағаннан да тереңде жатыр ...