Қазіргі кезде интернеттің заманы болғандықтан да сайттардың танымалдығын арттыру мен рейтингісін көтеру барлық интернет саласында жүрген адамдардың басты ойлайтын тақырыбы болды.
Интернет сайттары арқылы компания деңгейінде көтеруге болатынын жақсы түсінді. Әрине, сіздің компанияңыз мақсаты сату болса (жалпы барлық компанияның мақсаты қаржы табу) онда интернетте танымалдылық керек-ақ.
Мен сіздердің бастарыңызды терминдермен ауыртқым келмейді. Жәй қарапайым тілмен түсіндіріп, қарапайым жолдарын көрсетуге тырысамын.
1. Сайтыңыздың іші жақсы толтырылған болуы шарт. Немен айналыссаңыз да мәтін жақсы, қатесіз жазылған болу керек. Ең бастысы мәтін өзіңізге тән болуы керек, егер сіз оны интернеттен көшіріп алған болсаңыз іздеу жүйелері оны да көріп отырады. Басқа сайтта 1- боп жариялағандықтан да, сіздікін есептемейді.
2. Тег немесе кілт сөздер (ілмек сөздер, ключевые слова). Өз сайтыңыздың контентіне байланысты сізді іздейді ау деген басты екі-үші тіркестен аспайтын 20 сөзді сайттың анықтамасына тіркеп қойыңыз. Сол сөздер арқылы іздеген кезде, іздеу жүйесі сол сөздерді көретін болады.
3. Мәтін жазған кезде өзіңіз көрсеткен тег сөздер тақырыпта немесе мәтіннің ішінде ең көп дегенде 2-3 рет кездесетін болсын. Сол сөздерді қара мен белгілеп сол сөздерге өз сайтыңызды сілтемесін қойып қойсаңызда болады.
4. Басқа сайттарға өз сайтыңыз немесе компанияңыз туралы жазар да, жарнама берер де сіздің сайтыңызға міндетті түрде сілтеме қоя кетуін талап етіңіз.
5. Анықтамалық сайттарға компанияңызды тіркеген кезде де міндетті түрде сайт адресіне сілтеме бере кетулерін сұраңыздар.
6. Әлеуметтік желілерде өз компанияларыңызды аккаунттарын ашып, күнделікті жаңартып отырыңыздар. Әлеуметтік желілерде де сілтеме қоя отыруды ұмытпаңыздар.
7. Контекстік жарнама. Негізі бұмен арнайы мамандар айналысқан дұрыс. Себебі бұл жарнама түрі қаржыны көп талап етеді. Бұл жарнаманы бермес бұрын өзіңіздің мақсатыңызды айқындап алған дұрыс және сайтыңызда бәрі толтырылған болуы керек. Іздеп келген адам іздеген затын таба алатындай болуы керек. Ең бастысы жарнамаға қанша қаржы жұмсай алатыныңызды да есептеу алу керек. Себебі "күнделікті мынша қаржы осыған жұмсалады" деген нақты жоспар жасап алыңыз. Ең тиімді жарнама түрі осы. Бірақ, мақсатты айқындап алмасаңыз ақшаңыздың желге ұшқаны.
Алдыңғы 6 бөлімді өздеріңіз жасауларыңызға болады, осы 6 бөлімде жақсы істесеңіз іздеу жүйелерінің 1- беттерінен сіздерді көруге болады. Ал жоқ, ол маған жарамайды десеңіз контекстік жарнама жасауыңызға болады. Бірақ, түсініп алыңыз оған үлкен қаражат керек екенін. Қаражатыңыз мол болса онда сіз төмендегі суреттегідей қызылмен қоршалған орында боласыз.