- біз неге гуглда мына сөз бойынша бірінші емеспіз?
- ол енді бір күнде шықпайды ғой
- ештеме білмеймін, біз бірінші болмасақта бірінші бетте тұруымыз керек!
- мен гуглда істемеймін ғой
- онда сіз дұрыс жұмыс жасамайсыз..
- ......
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
-алло, бәлен деген жер ме екен?
- жоқ, олардың телефоны басқа
- сайттарыңнан алып тұрмыз ғой
- біз жарнама сайтымыз ғой, олардың телефона анандай жерде тұр ... на-на-на
- тух, сендерде бір басымды қатырып жібердіңдер ғой
---------------------------------------------------------------------------------
- сізді жақсырақ танып білу үшін бізге жаңалық беріңізші
- не жаңалық керек?
- блм, енді ресторандарыңыздың бағасы өзгерді немесе бір акция боп жатыр деп, жұртты қызықтыратын
- ой, ресторан.кз ға салдық қой сол жақтан көшіре салшы
- олай істеуге болмайды, *****
------------------------------------------------------------------------------------
- Жарнаманың ақысын төлейтін уақыт келді
- Қандай жарнама?
- осындай, осындай деген сайттағы
- қанша еді?
- бір айға пәлен теңге
- мм, жарайды ойланамыз
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
- біздің компания неге жоқ сайттарыңызда
- жарнама ақысы төленбегеннен өшіріліп тастады
- біз ойланамыз дедік қой
- біз сізге 3 рет ескерттік қой
- тух, өшірмес бұрын тағы звондай салсаңдар қайтер еді...
---------------------------------------------------------------------------------
- ана сайтқа күніне 3000 адам кіреді, бізге неге кірмейді олай?
- енді олардың бар болғанына 5 жыл болды, оның үстіне елдер оны міндетті сайт ретінде біледі
- мені ол қызықтырмайды, бізге де сондай адам кірсін
- ****