Кейде қазақ болғаныма қуанам ше, өйткені ешқашан ішің пыспайды :) Жақсы болсаң күлесің жаман болса жылап аласың дегендей :)
Бүгін бір қатар жаңа анекдоттар (қалжың ғой) ұсынбақпын :).
***
- не ғой, маған танысатын қыз керек
-жақсы, қандай қыз керек, былай нақтылап айтсаңызшы
- білмейм, опшым бір әдемі қыз керек, бастысы "қыз" болса болды
- а сіз өзіңіз оған лайықсыз ба?
- енді лайық болуға тырысам ғой, просто бұрынғы әйеліме әдейі қыз алғанымды көрсетейінші деп ем
- упс, кешіріңіз мен көмектесе алмаймын
- тух, көмектесе салшы, сенің нең кетеді...
***
- неке.кз деген нені білдіреді
- үйленуге арналған сайт қой
- ааа, мен бір сұрақ қояйын деп ем
- иа, айта беріңіз
- мен неке куәлігімді жоғалтып алып ем, қайдан таба алам?
- ЦОН ға барып жоғалғаны туралы қағаз алып, қайта жасатуға болады
- мм, Әуезов ауданының ЦОНы қайда екенін білмейсіз ба?
- .... (лібә, әрине іштей ғой :))
***
- мына сұраққа жауап жазып жібере аласыз ба?
- әрине, жіберіңіз
- сіз аралас некеге қалай қарайсыз
- енді әркім өз бақытын тауып жатса болады ғой
- сен не сонда, қазақ қыздарына басқа ұлтқа шыға берсін, соларға құл болып, ажырасып келіп отырсын дейсің ба?
- қазақтарға шыққандар ажыраспай жатыр ма?
-... сен қыз өзі қалай-қалай ойлайсың, мен сені басқа деп жүрсем
- сіз менің пікірімді біліп жатсыз ба, жоқ мені ұрсуға жаздыңыз ба?
***
- қандай сотка қолданасыз?
- ноте 2
- қандай қосымшалар қолданасыз?
- көп қой, соткам қол-аяғым ғой
- ааа, мен тек понт үшін керек екен десем
- лібә, мені кім деп тұрсыз. (Кеше болған собеседованиеден)
***
Қазірше осы :) көп сұрақтар еді ойыма келмей тұр.... Алдыңғы сұрақтарды мыннан, мына жерден оқи аласыздар.