САЙҚЫ МЕН ҚОЖАНАСЫР ЖӘНЕ БАСҚАЛАРЫ
блог
Кәзіргі клоундар мен сайқымазақтардың «отаны» да Наурыз деуді амалсыз мойындарлық жайттарды алға тартатын мына айғақтармен танысайық. Мухаммад Бехном, «Празднование Навруза – начало нового года»: «За несколько дней до Навруза, на улицах и площадях города появляются люди, оповещающие о приходе праздника. Этих людей называют «аму Ноуруз» или «хаджи Ноуруз». Они имеют специальную церемониальную одежду красного цвета с остроконечным головным убором лицо краст специальной мазью черного цвета и с гуслями в руках идут по улицам и дворам и читают стихи, поют песни о приходе Ноуруза».
И.С.Брагинский, «Праздник весны – Ноуруз и отражение в нем древнейших общих культурных традиций народов советского востока»: «В дореволюционном Ходженте в Новруз выходили на крыши домов хоры девушек и пели язвительные песенки, в которых обличались нелюбимы в народе богатеи и чиновники. Сила традиций была столь велика, что за подобные действия простые люди не подвергались преследованию и наказанию...
...В Египте толпа провозглашала новогоднего князя (амир ан-ноуруз), который вымазав лицо мукой или известкой, в красном или в желтом халате, верхом на осле, с тетрадью в руке, проезжал по улице и взимал подати с богатых, а того, кто не платил, поливали водой и нечистотами». Ежелгі Наурыз күлкі мен көңіл көтеруді дәріптегендіктен, оған сәйкес сайқы кейіптерінің де қалыптасуы сөзсіз. Алайда, әр ел, әр кезең оған өз киешегін (костюм) кигізіп, өз әшейкейін тағуы да заңды. Әрине, ол кейіннен түрлі табыс табу жолындағы кейіптерге айналып, бүгінгі клоундар мен сайқы рөлінде орнықты.
Бәрінен бұрын біздің назарымызды көбірек аударып отырған мына бір уәждер.
З.А.Джандосова, «Истина Наурыза: общее и особенное в календарном весеннем празднике иранцев и тюрков»: «Один из новогодних обычаев было избрание шуточного мира (эмира) Науруза, обязательно человека безбородого или имеющего реденькую бороденку (косе)». Бұған жоғарыдағы келтірінділерді біріктіре қарасақ, қазақтың Алдар көсесінің кейпі елестейді. Оның үстіне «алдар» сөзі қазақтың «алдау» ұғымынан дегеннің өзінде, оның түпкі түбірі – «ал» - ежелгі от қызыл түсті беретін сөз. Егер «алдардың» бізге белгілі етістіктен гөрі тағы бір мағынасын қарастырсақ: «алдар» – отшыл болып шығады. Ойымыз әлгі басына шошақ қызыл қалпақ киген сайқымазаққа тіреледі. Соған қарағанда, біздің Алдар наурыздық сайқымен кіндіктес секілді. Алдар - қазақ жағдайында әділетсіз байлық пен билікке оппозиция ретінде постнаурыздық дәуірлерде қалыптасқан кейіпкер. Алдардың көселігі оның наурыздық ежелгі кейпінен хабар береді, әйтпесе, оның қайырымсыз байларды алдап, кедейлерге жәрдемдесу миссиясына сақал-мұрттың қатысы болмаған болар еді. Ендеше, Алдардың түпкі «отаны» да – Наурыз салтанаты.
Бірақ Алдаркөсе оппозициялық кейіпке қалай жетті? Оны Саид Муххамад Бокир Камоладдиннің, «Навруз и его праздничные ритуалы в Иране» еңбегіндегі мына үзіндіден іздеп көру керек: «Особое место занимал обряд «эмир Навруза», который практически исчез и в настоящее время не наблюдается». Шамасы, жылына бір рет келетін Наурыз кезінде және саяси әділетсіздікке сайқызмазақ кейпіндегі күрес мүмкіндігінен ажыраған сәттен бастап, халықтық идеология Алдар көсені туғызған болуы мүмкін. Ал, идеология авторлығын сопылар әлемінен іздеп көрген мақұл болар. Алдар туралы әңгімелер сопылық идеологияға қарсы орнаған диктаторлық билік пен байлық көрінісінен хабар береді.
Ебропалық бүгінгі жаңа жыл рәсімі әлемдік мәдени-рухани араластықтың түзіндісі екенін жоққа шығару қиын. Мәселен, христиандық дәстүр талабына икемдеу мақсатында болуы керек, әйтеуір, басты атрибут болып табылатын батыстық Санта Клаус кейпі Наурыз кезіндегі Ортаңғы Азиялық қызыл телпекті Сайқы күлдіргіні «жаңаша киіндіріп» алғандығын байқауға болады. Тіпті, бұл енгізімдер дәуір сайын жаңартылып, қырналып, байқаусыз түрде байытылып келеді, оған Сантаның финдік Лапландия деген мифтік мекенде туылғандығы да санаға сіңіп болғандығы жалған емес.
Бейнелей айтсақ, о бастағы Наурыз әмір (Наурыз қожа, бәлкім, Наурыз хан аталған болуы да мүмкін) әр заманның түрлі идеологемдік сыйпатын бастан кешіп келеді екен: исламның ықпалымен ол есекке теріс мінген ала шапанды Қожа Насыр («насыр» мен «наурыз» сөздерінің бір біріне жуықтығында да бір мән бар) атанып, «аман қалу» үшін сопылық идеологияның туұстары болды, ортаңғыазиялық сайқымазақ кейпін қалыптастырды; кейінірек батысқа беттеген ол, наурыздық алуан түсті қызыл-жасыл жыртыстан алабажақ киешек (костюм) тігіп, цирктегі Клоунның рөлінде бала көңілден медеу тапты; алайда, шығыстық сайқыны жатырқаған ебропалықтар оны жалаңаш қалдырған кездері де болды, белгілі суретші Пикассо дәл солай суреттеген еді; бұл кезде ертегілер әлеміне Алдар болып қазақ даласына аттанған ол, байлық біткеннен жеріп, Сайтанмен қулығын жарыстырып, жыртық шидем киініп, кедейлер жағына шықты; бала жағалап сайқылық күйді кешкен клоунға қанағаттанбаған Ебропа Наурыз әмірді Санта Клоус етіп ғұмырын қайта жалғады да, Иса пайғамбардың туылған күніндегі басты көңіл аулаушы етті; ал бәрін де батыстан көшіретін Ресей ХХ ғасырда орныққан қызыл идеология салдарынан Сантаға тон кигізіп, қасына Қаршақызды ертті де, Аяз ата ныспысын берді.
Ежелгі түркілердің Үйөлген-Қыдыр есімді рухани кейіптері батысқа барған сайын төл болмысынан ажырап, күлкінің көзіне айналумен тынған деген қорытындыға амалсыз келеміз. Парсылық шах заманында «Құтжезде» аталып, шахтармен бірге келмеске кетсе де, кейін ислам өркениеті «Наурыз әмір», «Наурыз қожа» атап дәріптеп шыдаған, қарапайым халық арасында күлкіден керуен түзген қызыл телпекті Сайқымазаққа айналса да, оның ғұмыры бітпек емес, әлемдік сапарын әлі де аяқтаған жоқ. Міне, бұл - өлмейтін адамзаттық мәңгі аяулы да ардақты наурыздық Кейіпті ешкім де, ештеңе де өшіре алмай келе жатқандығының куәсі десек те, әуел бастағы Рухтың түрленуі деген жөн болар.