Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиететі – еліміздегі ең үздік жоғарғы оқу орындардың бірі. Статистикаға сүйенсек, әрбір мектеп бітіруші екінші түлек осы университеттің студенті болуды армандайды. 1934 жылы құрылған бұл университет көптеген қазақ элитасының бетке ұстар тұлғаларын тәрбиелеп шығарды. Бүгінгі таңда өзінің ерекше инфраструктурасымен қатар, білім деңгейімен танымал.
ҚазҰУ факультеттерінің бірі - Философия және саясаттану факультеті. Ол 10 мамандық бойынша мамандар дайындайды, Ресейдің жетекші университеттерімен бірге қос дипломды білім беру бағдарламасын, шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен бірге білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Үш тілде білім береді.. Факультет құрамындағы 6 кафедрадағы белгілі ғалымдар, тамаша педагогтар таңдаған мамандықтарыңызды жете меңгеруге, университет қауымдастығына тиесілі екендіктеріңізді сенуге көмектеседі.
Еліміздегі үздік саясаткерлер мен мемлекеттік қызметшілерді дайындаған cаясаттану және саяси технологиялар кафедрасына тоқталсақ. Қазақстанда саясаттану кафедрасы алғаш рет 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ашылды.. Ол бүгінгі таңда саясаттану мамандарын даярлау және жаңа ғылым мен оқу пәнінің ғылыми-әдістемелік мәселелерін әзірлеу базасына айналды. 29 жылдық қызмет ету кезеңінде кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысында айтарлықтай тәжірибе жинақтады, университеттік дипломы бар мамандарды гуманитарлық даярлау ісіне айтарлықтай үлес қосты.
Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасындағы оқу процесі студенттер іргелі теориялық дайындықты алып қана қоймай, сонымен қатар қазіргі саяси процестерді талдаумен белсенді түрде айналысатындай етіп ұйымдастырылады. Кафедра бітіруші ретінде практиканың үш түрін ұйымдастырады: мәслихаттар мен түрлі деңгейдегі әкімдіктерде оқу-таныстыру, колледждерде педагогикалық практика және Парламентте, институттарда, талдау орталықтарында, Саяси партиялар мен қоғамдық - саяси ұйымдарда өндірістік практикалары бар.
Бүгінгі таңда саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының қызметі әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті білікті саясаттанушыларды даярлауға бағытталған.
Біз сіздерді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне шақырамыз. ҚазҰУ студенті болу-абыройлы да жауапты іс. Біздің университетті таңдай отырып, сіз біздің үлкен корпорацияның бір бөлігі боласыз. Табысты ЖОО-бұл талантты оқытушылар, табысты түлектер ғана емес, сонымен қатар ең ақылды студенттер
ҚазҰУ, Мемлекеттік басқару және қоғамдық қауіпсіздік мамандығының екінші курс магистранты Құрбанбаева Гүлжан.