«Саясат және оның пайдасы»
блог
«Саясат және оның пайдасы»
Саясат – ол саяси көзқарастар мен қоғамдық заңдылықтар алаңы. Бұл алаңда өркениетті өзгертетін құбылыстар, әлеуметтік проблемалар, саяси бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Адам өмірінде «саясат» терминінің алар орны ерекше, себебі қоршаған ортамен бірге дамып, қоғамдық ахуалымызды өзгертуге ықпалдық жасады. Адамзат-билікпен, билік-саясатпен ұштасуда. Себебі, билік саясат арқылы өз ісін жүзеге асыра отырып, халықтық саясатты өркендетіп жатыр.
Саясаттану ғылымы елдің саяси мұқтаждықтарын мемлекет аясында жүзеге асудың бағдарлары мен тәсілдерін дұрыс жағынан таңдауға, демократтық талаптарды қалыптастырып дамуына көмектеседі. Ол шындыққа, мәмілеге, саяси бәсекелестік пен келісімге келе білуді, саяси қайшылықтар, шиеліністердің уақытында шешімін табуды, отан сүйгіштік, қоғам алдындағы мемлекеттік парызды жауапкершілікпен сезіндіреді. Яғни, қазіргі уақытта саясатты меңгерту арқылы халықтың көпшілігін саяси маңыздылықтарды түсіну қажеттіктерін көрсетуде. Халықтың саясатқа мән беріп, дұрыс шешім шығаруы бірден жүзеге асырылмайды. Сондықтан, адамдар басылым беттерін, бұқаралық ақпараттарды қарап, газеттер мен журналдарды, әлеуметтік желілерді назардан тыс қалдырмауы тиіс. Ол жердегі мағлұматтарды салиқалы саралап, шыншыл қорытынды жасай отырып, саяси теорияны игеріп, саясатта болып жатқан процеске қатысып, тәжірибе жинақтауы қажет. Сол себепті де, Қазақстан ЖОО-дарында саясаттану саласы жеке пән ретінде қарастырылуда, ондағы басты мақсат – болашақ мамандарға саяси құбылыстар мен қоғамдағы мәселелерді түсінуге ықпал жасайды. Сол арқылы саяси сананы қалыптастырып, мәдениеттік құндылықтарды бойға сіңіреді. Қазіргі қоғамда саясаттан бөлек, қоршаған ортада орын алып жатқан процестерді түсінбей өмір сүру қиын, сондықтан саясаттану ғылымы сұранысқа ие екендігі сөзсіз.
Саясат – өз мүддемізді қорғаумызға, өркениетті ел болуға үлесімізді қосуға, әлеуметтік шиеленістерге дұрыс бағдардан қарап, қоғамдық ұйымдарға қызығушылық арттырумызға зор үлесін қосуда. Мәңгілік ел болуымыз үшін, билік дұрыс саясат құруы қажет, сонда ғана халқымыз билікке сенім артып, бәсекеге қабілетті ел боларымыз анық.
Авторы: Миирбекова Жания Миирбековна
Жетекшісі: Әлміш Жадыра Талғатқызы
.