Саясат халықтың қамы ма? Әлде жауы ма?

Саясат халықтың қамы ма? Әлде жауы ма?
жеке
блог

 

Жақында біздің көршілеріміздің тарапынан қызықты жаңалық келген болатын. Өзбекстан президенті ел ішінде «саясаттану» ғылымын кері бұрып, жоғары оқу білім орындарында бұл сабақты оқытуға тыйым салды. Елдегі атқамінерлердің айтуы бойынша, «саясаттану» деген батыстың «жалған ғылымы», шын өмір мен халықтың жағдайын жақсартуға ешқандай қатысы жоқ. Оған қоса, басым бөлігі батыста басылып шығатын кітаптар барлық мемлекеттерге бірдей сай болып жарай бермейдеді.

Осы орайда саясат және саясаттану сынды түсініктердің қоғамға қаншалықты пайдалы екендігі жайлы сұрақ туындайды. Егер тарихи деректерге сүйенетін болсақ, ежелден бері әлемдегі мемлекеттердің барлығы монархиялық түрде басқарылып, мемлекеттің қамы мен жауапкершілігі бір отбасының төңірегінен алыстамаған.

 

Бізді уайымдатып отырған сұраққа тарихи монариялық көз-қараспен қарайтын болсақ, Өзбекстанның жолы әлдеқайда ойлы болып көрінеді. Алайда, монархиялық құрылымдағы мемлекеттерддің құрылымы тарихтың терең тұңғиығына батып кетті. Біз демократия кезеңінде өмір сүріп жүрміз және бұл заманда билік халықтың қолында. Қойылып тұрған сұраққа осы нүктеден үңілетін болсақ, саясат костюм киген адамдардың кабинеттерінен әлдеқайда алысқа кетіп, халықтың уайымына айналғанын түсінеміз. Яғни, саясат – саясаткердің бүгінгі уайымынан, халықтың ертеңгі күн жайлы уайымына айналғаны бәрімізге мәлім. Менің ойымша бір отбасыдан шыққан ақылдан-ойдан гөрі, барша халық тарапынан шыққан ақыл артық. Сондықтан да халық саясатқа араласып, оның мән-жайын білгені дұрыс.