Ыстамбұлға үнемді саяхат жасаңыз

Ыстамбұлға үнемді саяхат жасаңыз
жеке
блог

Қайырлы күн, достар!

Саяхат жасау адамның ой-толғауларына, өмірге деген көз қарасына көптеген ықпал келдіреді. Жаңа елмен танысып, жаңа мәдениетке бейімделу және басқа көз қарасты қабылдай біле алу адам бойындағы таптырмас қасиет. 

саяхат

Көптен бері өзіңіздің саяхаттыңызды жоспарлаған болсаңыз және де шығындарыңызды азайтқыңыз келсе  менің блогым сізге нұсқау болмақ. Бүгін мен Азиямен Еуропаның қақ ортасында орналасқан таңғажайып Түрк қаласы Ыстамбұл туралы айтпақпын. Негізінен, Түркияның астанасы Анкара болғанымен, Ыстамбұл оның ең үлкен қаласы, оған қоса 2010 жылдан бері Еуропаның мәдиниет астанасы. Мәрмір теңізінің жағалауында, Босфор бұғазысының қос жағасында орналасқан, өз бойында Азияның мәдени сиппатамасын алған, Еуропа стиліндегі заманауи биік ғимараттармен көркемделген Ыстамбұл қаласына қош келдіңіздер! 

Ыстамбұл

Ыстамбұл қаласына тік ұшақ билеттері екі бағдарда AirAstana әуе компаниясымен 90000 теңге  болса, Украин әуе компаниялары 70000 теңге шамасында Киев арқылы транзитпен ұшуды ұсыныз етеді. 

тік ұшақ

Ыстамбұл қаласы өзінің транспорт системасымен ерекшеленетіні бәрімізге мәлім. Бұл қалада метро, автобус, фуникюлер, паром, миниавтобус, мармарис, долмыш деген түрлі-түрлі қозғалыс жолдары бар.Барлық транспорттарға бір IstanbulCard деген пластик картасы жұмыс жасайды, бұл картаның құны 10 лира, біздің ақшамен айтқанда 700 теңге. Бұл картаға аптасына 100-150 лира шамасында кетеді, алайда сіз Ыстамбұлға бір айға жуық уақытқа келген болсаңыз айлық карта алуыңызға болады, оның құны 180 лира. Осындай карталар Үскідар, Таксим, Еминиону деген сияқты үлкен аялдамалдарда сатылады, өзіңізбен пасспорт және 3x4 фото болғаны жөн.

транспорт

Егерде, мұражай және де көрікті жерлерге баруды жоспарлаған болсаңыз Museum Pass Card сатып алсаңыз ақшаңызды үнемдейсіз. Әр мұражайға кіру құны шамамен 30 лира болса, бұл карта құны 85 лира. Бұл карта Ая София, Топқапы палас, Археалогиялық мұражай, Ғылым тарихы және Ислам Технологиясы мұражайы, Жұлдыз сарайы және тағы басқа тарихи және рухани орталықтарға кіру құнын қамтымай, көптеген жерлерге жеңілдік береді. Мысалы, Ыстамбұлға әдемі көрініс ашатын ГалатаТоуер мұнарасына  кіру билетіне 30% жеңілдік береді Яғни, бұл картаны сатып алып сіз 3-4 есе көп мұражайларға баруыңызға мүмкіндік аласыз.

card

Әрине, барлықтарыңызды үй мәселесі аландатын сұрақтардың бірі, сондықтанда сіздерге үнемді және қызықты жолдардын бірін ұсынбақпын. Сіздер Couchsurfing әлде airbnb сайттардың көмегімен өзіңізге тегін тұрғын үй таба аласыз. Қазақстан елінде бұл қызмет қатты дамымағанымен, шет елдерде көптеген адамдар жаңа адамдармен танысып, баспанамен қамтамас етуге дайын. Сіз бұл сайтта күтіп алатын отбасы туралы толық ақпарат алып, skype арқылы сөйлесуге болады,солай сіз өз қүмәніңізді жоя аласыз. Бұл қауыпсыз және сенуге болатын жолдардын бірі екеніне уайымдамасаңыз болады.

cs

Жаңалықтарға және басқа шет заттарға ашық болыңыз! Өмірде таныс емес, ғажайып және көруге тұрарлық жерлер көп! Уақытыңызды бос өткізбеніз, өмірдің рахатына бөленіңіз!