Тауға жиі саяхат жасайсыз ба? (Денсаулыққа инвестиция құяйық)
блог
Маған 55 жас төбесін көрсетіп тұрғанын өткен жазбамда айтып кеттім, оған қоса түрлі себептермен аяғым 3 рет сынғаны да бар, қысқасы менің жағдайымда тауға шығу қауіпті екенін өздеріңіз де түсініп отырған шығарсыздар.)
Бірақ, Алматыда тұратын мені жоғары жаққа көз салған сайын, Алатау: "Қайтесің бәрін, кел маған" деп шақыратындай болып тұрады. Иә, сонымен мен әр сенбі сайын құрал-сайманымды дайындап, жексенбі күні еріктілерді жинап тауға аттанамын.
Осы жерде мен осы еріктілерге тоқталғым келіп тұр, қазіргі заманның жастары қарттықты өздеріне ерте шақырып жүрген жоқпа? Көбінің көздерінен Мағжан айтқандай жалын, бойынан қайрат көру қиын, ұсынысқа 40 сылтаулары дайын тұр, "аға, көшкін болады екен, жауын жауып тұр, тұман, күн бұлтты, тағысын тағы кете береді. әрине бәрінің емес.
Сонымен не керек, әр жексенбі мені таудан табасыздар.) Шаршайсың әрине, бірақ соған тұрарлық ләззат аласың, денсаулығыңа инвестиция құясың, демаласың. Демалыстан бірнеше суреттер ұсынайын, бірақ көзбен көргенге жете қоймас!
Кімнің тауға деген ниетін, құлшынысын, сезімін оятсам, келесі саяхатқа бірге жүруге шақырамын!