Тәшкен сапары

2015 жылдың желтоқсан айының ішінде жол түсіп, Тәшкенге сапарладық.  Сапарымыздың уақыты тығыз болғандықтан жан-жағымызға көп мән бере алмадық. Дегенмен, бір байқаған жағдайларды жазып, фотоесеп жасай отырайық.

 

Қазақ-өзбек шекарасындағы Түркістан (ТүркВО, Түркістан әскери округы) поселкесі. Өзбекстаннан көшіп келетін оралмандардың шекарада бірінші аяқ тірейтін баспалдағы. Өзбекстанның ішкі жағынан көшкен жұрт алдымен осында келіп, етек-жеңін жиып, Қазақстанның қай түкпіріне көшетінін нақтылайды екен. Бір қазақ осындағы уақытша баспанасын сатып жатса, ішкі жақтан келген екінші қазақ сатып алып жатады. Мұндағы баспана саудасы негізінен қазақтар арасында болады екен. Мына бір қандасымыз Қазақстанға көшпек болып жүктерін жиып, ішкі жақтан келіп сатып алатын өзге қандасын күтіп отыр.


Майское. Қазақ-өзбек шекарасы бұрын тура мына жерде болыпты. Соғыссыз-ақ шегінген шекара. Қазіргі шекара осы жерден 15 шақырым беріде. Бұл ауыл бұрын Сарыағаш ауданына қараған. Шекараны бекіткенде бұл ауыл өзбектерге берілген.  Генерал Черняев Қоқан әскерімен осы жерде мамыр айында соғысыпты. Сондықтан бұл ауылды "село Майское" атапты. Жалпы осы төңіректе генерал Черняев пен оның соғысына қатысты жер-су атаулары көп болған: Черняевка, Майское, Фронтовой, т.б. Шекарадағы Түркістан ауылының жанында кезіндегі Түркістан автономды республикасынан бергі қалыптасқан әскери гарнизон болған. Өзбекке берілуінің басты себебі де сол әскери зона шығар деп топшылаймын. 2000 жылдары Бағыс ауылы мен осы Түркістан, Майский ауылдарын Қазақстан алмай қойғанда өз алдына тәуелсіз республика деп жариялап еді ғой. Естеріңізде бар шығар. Интернеттен іздесеңіз табасыз.


Тәшкен. Бабамның ізі қалған қала. ХVІ ғасырдың куәсі Көкілташ медресесінде болдық. Жалпы Көкілташ медресесі екеу. Бірі Бұқар қаласында. Екі медресені шатастырып алатындар көп. Тәшкендегі Көкілташ медресі өз заманында ірі оқу ордасы болған.

Жалпы Тәшкен қаласы қазіргі Қазақстан қалаларындағыдай жылтырағы аз демесеңіз, өз сәулетіне лайықты таза қала екен. Көне ескерткіштерге өте бай. Қазақтың талай марқасқа тұлғаларының іздері сайрап жатыр. Төле би бабамыздың кесенесіне уақыттың тығыздығына байланысты бара алмадық. Келесі жолы жол түскенде жан-жақты тәптіштеп тұрып жазатын боламыз.

 Бір көңілімде қалғаны, қазақта көп пайдаланылатын "бейпіл" деген сөздің мағынасын, жасалу формасын түсініп қайттым. "Бейпіл" деген сөз қазақта "молшылық", "еркіндік", "есепсіз" деген сөздерге жақын болса, өзбектерде ол сөз "бейпұл" формасында қолданылады екен. Яғни, "ақысыз", "ақшасыз", "тегін" деген мағына береді екен.

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: