Таңғажайып Дубай қаласы
блог
Оқырман қауымға нағыз туризмнің орталығына айналған Дубай қаласы жайлы бірнеше мағлұмат бергім келеді.
1. Дубай (араб.: دبيّ) — Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең үлкен қала. Парсы шығанағының оңтүстігінде Арабия түбегінде орналасқан.
2. Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жеті әмірлігінің арасында тұрғын саны бойынша бірінші орында.
аумағы бойынша Абу-Дабиден кейін екінші орында (4114 км шаршы шақырым). Әмірліктің астанасы - аттас Дубай қаласы.
Әмірліктің басшысы - Мохаммед ибн Рашид аль-Мактум әмірі.
3. Бар-Дубай – оңтүстік бөлігінде әртүрлі компаниялар мен банктер және басқа да мекемелердің басқару іскери кеіселері орналасқан. Туристер үшін ең қызықтысы сауда орталығы, дануарлар саябағы және теңіз жағалауындағы Әл-Джумейра саябағы болып табылады.
4. Дейра – солтүстік бөлігі – бұл бизнес пен туризмнің орталығы. Мұнда көптеген дүкендер, базарлар, мектептер, қонақүйлер, клубтар және халықаралық Дубай әуежайы бар. Бұл екі бөлік Әл-Хор шығанағымен өтетін Әл-Мактум және Әл-Гархуд көпірімен, сонымен қатар Әл-Шандага үңгіртауымен байланысқан.
5. Джебель Али ауданы бүкіл ел үшін өндірістік және сауда-саттық аймағы болып есептеледі. Бұл жалпы Парсы шығанағындағы ең ірі тәуелсіз экономикалық аймақ. Парсы шығанағының жағалауында орналасқан Дубай Таяу Шығыстағы басты саяхат орталығы болып табылады. Жыл бойы ашық күн, ертегідей жағажайлар, демалыс үшін мүмкіндіктің молдығы, спортпен шұғылдану – мұның бәрі демалысыңызды Дубайда өткізуге қолайлы жағдай жасайды.
6.Көптеген саяхатшылар мұнда атақта Дубай сауда орталықтарын, көз алмастыруға мүмкін емес тастар мен металлдарға толы Алтын базарды, Джумейра мешітін, Сайд патшасының сарайын тамашалау үшін дәне қаланы екі бөлікке бөлетін арналан дәстүрлі “доу” кемесімен немесе “арба” таксиімен аралау, сонымен қатар, паба, бар, түнгі клуб, дискотека секілді Дубайдың түнгі өміріне орану үшін ат терлетіп келеді.