Суретші балық

Суретші балық
жеке
блог

Әлемде түрлі қызық бар демекші, сіздің мұхит суының түбіндегі топыраққа өзі ғажайып өрнек салатын суретші балық бар екенінен хабарыңыз бар ма? Тіпті, балықтан әзірленетін тағамдарды даярлау үшін аспаздардың арнайы мектептен өткендігі туралы диплом алуы міндетті екенін естіп пе едіңіз? Оның себебі – балық терісі мен етінде адам өміріне қауіпті у бар көрінеді.

иглобрюх,жапон ине балығы

Иглобрюхие (Жапон инебалығы) тропикалық және субтропикалық су айдындарында мекендейді.Балықтың дене тұрқы - қысқа және жұмыр.Орта көлемнен бір метрге дейін жетеді.Төмендегі суреттен сіз жапон инебалығының ареалын байқай аласыз.(Ареал- белгілі бір аймақта өсімдіктер мен жануарлардың таралу мекені)

жапонинебалығының таралу аймағы

(Қызыл түсте жапонинебалығының таралу аймағы)

Балық еті — Оңтүістік-Шығыс Азия елдерінде дәмі үшін өте бағалы. Жапонияда бұл балықтың әр түрінен дайындалатын тағамдар жетерлік,соның ішінде фугуды ерекше атап өтуге болады(фугу- құрамында тетродотоксин уы  бар, Takifugu тұқымдасына жататын балықтардың кейбір түрлерінен жасалған жапон тағамы).

фигу,жапонинебалығы

Жапонияда фугу —  жеңсік,әрі өте танымал ас.