Сөздік:«solution» немесе «decision»

Сөздік:«solution» немесе «decision»
жеке
блог

Solution – [səˈluːʃən] / [со'л'ююшен] – шешім,тоқтам.(хим.ерітінді)

Қолданылуы: «solution» сөзін мәселеге не қандай да бір міндетке(шаруаға) дұрыс жауап бергенде қолданамыз.

Мысалы:

The problem has a unique solution. – Мәселенің бір ғана(жалғыз) шешімі бар.

There's no solution to this problem. –Бұл шаруаның шешімі жоқ.

I will come up with a solution to the problem. –Мен бұл мәселенің шешімін табамын.

There couldn’t be a more ideal solution than that. –Бұдан артық қонымда жауап болмайды.

Surgery is the best solution in this situation. – Опеарциям– бұл жағдайдағы ең дұрыс тоқтам.

«Band-aid solution» – бір шаруаның(мәселенің) уақытша шешімі.

living in an apartment is our band-aid solution. – Бұл уақытта пәтерде тұру біздің уақытша шешіміміз.

best solution – жақсы жауап,final solution –ақырғы жауап,aqueous solution –сулы ерітінді,complete solution – толық ерітінді.

сөздік:"solution"немесе "decision"
Decision –  [dɪˈsɪʒən] / [ди'с'ижэн] –  шешім,тоқтам.

Қолданылуы: «decision» сөзі –  ойланып, талқылап болғаннан кейін қабылданатын шешім немесе таңдау.

Мысалы:

Have you made a decision? –  Сіз шешім қабылдадыңыз ба?

 I need to think about it. It's a big decision. –Маған бұл туралы ойлану қажет.Бұл өте салмақты жауап.

All of us had a share in making the decision. –Бұл шешімді қабылдауға барлығымыз қатыстық.

Can you hurry the decision along?–Тездетіп шешім қабылдай аласыз ба?

I made a wrong decision.–Мен қате жауап таңдадым.

To make a decision.–Шешім қабылдау.

Сөздік:«solution» немесе «desicion»