Шоколадты төбе бар екенін естігенсіз бе?

Шоколадты төбе бар екенін естігенсіз бе?
жеке
блог

Шоколадты төбе – Филиппин аралының Бохоль провинциясындағы геологиялық  әсерден пайда болған түзіліс. Аумағы 50 шаршы шақырым болатын бұл төмпешіктер саны  1260-тан 1776-ға дейін барады. Барлық төбешіктер көлбеу пішінді және әктастардан  құралған. Ең үлкен төбелердің биіктігі шамамен 100 м, ал ең кішкентайлары 30 м жетеді. Әдетте төбелер  жасыл  түске боялған, олар «құрғақ маусымның» соңына  қарай күннің шыжыған сәулесінде жанып, қоңыр түске боялады(сол себептен  Чоколейт Хилс(Шоколадты төбе) деп аталады).

шоколад төбе,шоколадные холмы,бохоль,филиппины

   Бұл төбелердің пайда болуы ғалымдарды үнемі қызықтырып келді.Олар өз кезегінде «Шоколадты төбелердің» пайда болуы туралы бірнеше гипотезалар ұсынды. Бірінші гипотезада: су мен топырақ үгілу әсерінен маржан шөгінділерінің көтерілуі арқылы пайда болды делінсе, тағы бір гипотезада жанартау атқылап, жанартаудың қалдықтары әк қабығымен жабылған деп айтылады.Тағы бір нұсқада төбешіктер орналасқан жер ежелгі мұхиттың түбі болып, су деңгейі тартылғанда  эрозия  әсерінен конустық құрылымға айналған деп тұжырымдайды.

шоколад төбе,шоколадные холмы,бохоль,филиппины

   Жергілікті тұрғындар арасында  «Шоколад төбелерінің» пайда болуы туралы көптеген аңыздар бар. Олардың бірінде екі алыптың шайқасында бір-біріне  көптеген алып тастар мен құмдарды  ұзақ  уақыт бойы лақтыру нәтижесінде пайда болды десе,екінші нұсқада алып Арого мен қарапайым қыз Алоя арасындағы табыспаған махаббат туралы айтылады. Күндердің күнінде Арогоның сүйіктісі қайтыс болып ,оның көз жасынан аталған төбе пайда болған делінген .

 шоколад төбе,шоколадные холмы,бохоль,филиппины

  Шоколадты төмпешіктер Бохоль жеріндегі туристік объектілердің бірегейі болып табылады.Табиғи көрікті жерлерінің бірі ретінде провинцияның өзіндік  туы мен елтаңбасында бейнеленген.Сондай-ақ, төмпешіктер Филиппиннің ең маңызды туристік бағыттарының тізімінде;олар елдегі үшінші маңызды геологиялық ескерткіш болып жарияланып, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізуге ұсынылды.

 шоколад төбе,шоколадные холмы,бохоль,филиппины