Шайырлы(смола) көл

Пич -Лейк - Тринидад аралының оңтүстік-батысындағы  Ла- Брея аумағының маңында орналасқан таза сұйық асфальттан(шайырдан) тұратын көл.Ауданы - 40 га, тереңдігі 80 м-ге  жуық. Асфальт қоры алты миллион тоннадан астам, оның он мыңы жыл сайын өндіріледі.

Бұл әлемдегі ең үлкен табиғи асфальтті жерді 1595 жылы Уолтер Рэли  ашты.Қазіргі таңда 20 мыңға жуық  турист тамашалайтын аймаққа айналған.Сонымен қатар, көлден жоғары сапалы асфальт өндіріліп, экспортқа шығарылып отыр.

   Пич-Лейк көлінің қалыптасуы Кариб теңізі мен Барбадос аралдары арасындағы субдукция (геологиялық термин, жер қыртысының кейбір блоктарының басқа блоктар астына опырылу,жарылу процесі)  әсерімен  байланыстырылады. Көлге толық зерттеу жүргізілмеген, бірақ екі жарықтың шекарасында орналасқандықтан, көл мұнаймен толығып отырады деп болжануда.

  Аңыз бойынша, көл орналасқан жерде үндістердің чима тайпасының қоныстары болған.Жауларын жеңген чима тайпасы мерекелік дастарқан жайып, ата- бабалары қасиетті деп табынған колибри құсымен тамақтанған.Кейін колибри құсының наласына ұшырап,барлығы шайыр(смола) көліне айналған.

Пич-Лейк - табиғи түрде пайда болған шайырлы(смола) шұңқырлардың бірі.Бұған ұқсас нысандарды  Венесуэла, Калифорния және басқа жерлерде де кездестіруге болады.



Бөлісу: