Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дүстүрін сақтауға міндетті ме?
блог
Салт-дәстүрлер-халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі,рухани байлығы.Әрбір халықтың өзіндік ерекшеліктері олардың салт-дәстүрлерінен көрінеді."Әр елдің салты басқа"
демекші,жер бетінде қанша ұлт болса,сонша түрлі мәдениет,салт-дәстүр,наным-сенім бар.Сондықтан әрбәр саяхатшы саяхатқа шықса,өзінің баратын елінің ережесін,әдеп-ғұрыптарын зерттеуден өткізгені жөн.
Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дәстүрін сақтауға міндетті деп ойлаймын.Себебі,бөгде елде ыңғайсыз жағдайларға қалмау үшін,ол елдің салттарын,жергілікті заңдарын білуіңіз керек.Қайда барсаңыз,өз еліңіздің Ата заңы сізбен бірге саяхаттайды деп ойламаңыз.Әр елдің тыйым салу түрлері де қызық әрі таңқаларлық.Мысалы,Дубай көшелерінде ішімдік ішіп,Сингапурде сағыз шайнауға тыйым салынған.Сауд Арабиясы,Иран елі аумағына кіру барысында сыртқы киімге ерекше назар аударған жөн.